Меншікке қарсы қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық. Гүлзағира Атаханова
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Меншікке қарсы қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық - Гүлзағира Атаханова страница 6

СКАЧАТЬ тәсілімен анықталады. Мүлікті қылмыскердің иеленген-иеленбегендігіне қарамастан, жәбірленушінің өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті зорлыққа ұласқан шабуыл жасаған кезеңнен бастап қылмыс аяқталған болып саналады.

      Ерекше құнды заттарды заңсыз айналымға түсіру. ҚК 180 бабы ерекше тарихи, ғылыми, көркемдік немесе мәдени жағынан құнды заттар мен құжаттарды заңсыз айналымға түсіру, заңсыз айналымға түсу тәсіліне қарамастан қылмыс құрамын құрайды. Аталған қылмыстың объективтік жағын ерекше тарихи, ғылыми, көркемдік немесе мәдени жағынан құнды заттар мен құжаттарды заңсыз айналымға түсуі, заңсыз айналымға түсудің тәсіліне (ашық, күш қолдану арқылы, алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы) қарамастан құрайды, субъективтік жағын тікелей қасақаналық және пайдакүнемдік мақсат құрайды. Бұл қылмыстың субъектісі, егер осы қылмыс құрамын ұрлық, тонау немесе қарақшылық арқылы жасаған болса, 14-ке толған, ал мүлікті заңсыз айналымға түсудің басқа нысандарымен жасалса, 16 жасқа толған азаматтар танылады.

      Ұрлықтың ауырлататын белгілері ретінде заң мыналарды таниды:

      а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;

      б) бірнеше рет;

      в) тұрғын, қызметтік, өндірістік үй-жайға, не қоймаға заңсыз кіруді.

      Сеніп тапсырылған мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, алаяқтық, тонау, қарақшылықтың, ерекше құнды заттарды заңсыз айналымға түсірудің ауырлататын белгілері ретінде:

      1) ұйымдасқан топ жасаған болса (175 б. 3 б., 176 б. 3 б., 177 б. 3 б., 178 б.3б., 179б.3б., 180 б.2б.);

      2) ірі мөлшерде (175 б. 3 б., 176 б. 3 б., 177 б. 3 б., 178 б.3б., 179б.3б.);

      3) қызмет бабын пайдаланған әрекеттер (176 б.2б.в.т., 177 б. 3 б. 2б.в.т.);

      4) мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адам, не оған теңестірілген адам жасаған, егер оларды өзінің қызмет бабын пайдаланумен қатар жасаса (176 б. 3 б. г.т., 177 б. 3 б.г.т.).

      Осы тарауда бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсумен байланысты мәселелерге жасалған талдау белгілі-бір қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

      Кез-келген формадағы бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсу бөтен мүлікті заңсыз, өтеусіз алуды және оны айыптының немесе оның жақын адамдарының пайдасына айналдыруды білдіретін пайдақорлық қылмыс болып табылады.

      Қолданыстағы заңнамада бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсу тек қана пайдакүнемдік мақсатпен жасалуы мүмкін деп шешілген. Сондықтан заң әдебиеттерінде кездесетін пайдакүнемдік мақсат бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсудің міндетті белгісі емес деген пайымдаулар пайдасыз болып табылады. Қылмыстық құқыққа сәйкес, пайдакүнемдік мақсат – бұл айыптының өзі немесе жақын адамдары үшін материалдық пайда табуға ұмтылуы. Сондықтан заң әдебиеттерінде кездесетін мүлік кез-келген өзге адамдардың пайдасына ұрлануы мүмкін деген пайымдаулар заңға қайшы болып келеді.

      2008 жылы қабылданған заңдар бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсу үшін қылмыстық жауапкершілік СКАЧАТЬ