Меншікке қарсы қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық. Гүлзағира Атаханова
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Меншікке қарсы қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық - Гүлзағира Атаханова страница 5

СКАЧАТЬ болған жағдайда оны иелену сәтінен бастап аяқталған болып табылады.

      Ұрлық ретінде басталған әрекет кейіннен мүлік ашық түрде алынып немесе ұсталып отырса, тонауға айналып кетуі мүмкін.

      ҚК-тің 178 бабының 1 бөлігінде тонау кейде күштеусіз жасалады. Алайда ҚК-тің 178 бабының 2 бөлігіндегі қылмыстық заң жәбірленушінің өміріне немесе денсаулығына қауіпті емес күш қолданумен немесе осындай күштеуді қолдану туралы қорқыту арқылы тонау жауапкершілікті қарастырған. Жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күштеу деп салдары денсаулықтың қысқа мерзімге бұзылуына немесе еңбекке қабілеттіліктен аз уақытқа айырылуына алып келген ұрып-соғуды, басқа күштеу түрлерін қолдануды немесе денесіне жарақат тигізуді айтады.

      Қарақшылық. ҚК-тің 179 бабының 1 бөлігінде тонауға мүлікті тікелей иелену мақсатымен жәбірленушінің өміріне немесе денсаулығына қауіпті күштеуді қолдану немесе осындай күштеуді қаупінің төнуі деген анықтама берілген. Осы анықтама бойынша, объективті жағынан қарақшылық мүлікті тікелей жәбірленушінің еркіне қарсы алуға бағытталған күштеудің қолданылуын немесе осындай күштеу қорқыту қаупінің білдіреді. Құрылымы бойынша қарақшылықтың құрамы ықшамдалған (формалды) болып табылады. Физикалық немесе психикалық күштеу тікелей жәбірленуші тарапынан мүліктің алынуына болуы ықтимал қарсыласуын басуға бағытталған жағдайда, күштеу қолданылған немесе күштеу мен қорқыту сәттен бастап қарақшылық құрамы аяқталған болып саналады.

      Кінәлі шын мәнінде күштеуді қолданған немесе жәбірленушінің өміріне я денсаулығына қауіпті күштеуді қолдану туралы қорқытқан жағдайда қарақшылық құрамы орындалған болып табылады. Осындай күштеу қатарына мыналар жатады: салдары денсаулықтың қысқа уақытқа бұзылуына немесе еңбекке қабілеттілігінен айырылуына алып келген жеңіл жарақаттан бастап ауыр жарақатқа немесе өлімге әкеп соққан болса. 179 баптың 3-тармағы бойынша күштеу немесе қорқыту иеленушіге (иесіне) қолданылған жағдайда да, олар мүліктің алынуына немесе ұсталуына қарсыласа алатын кез-келген тұлғаға қолданылған жағдайда да қарақшылық орын алған болып табылады.

       Қарақшылық екі объектілі күрделі қос объектілі қылмыстар қатарына жатады. Онда бөтен меншікке ғана емес, жәбірленушінің өз басына қастандық жасалады. Шабуылға ұшыраған адамның өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті күш қолданылады.

      «Шабуыл» термині жәбірленушіге кенеттен, ойламаған жерден физикалық қысым жасаумен байланысты. Шабуыл кенеттен болғандықтан жәбірленуші өз мүмкіндігінше тойтарыс беру қабілетін жоғалтады немесе үшінші адамның көмегіне жүгіне алмайды, себебі күш көрсету әрекеті табан асты туындайды. Қарақшылықта зорлық пен мүлікті иемдену бір уақытта жүзеге асырылады. Күш қолданусыз шабуыл жасау мүмкін емес.

      Адамның дене құрылысына және физиологиялық жағдайына тіптен әсер етпейтін немесе шамалы ғана әсер ететін қалыпты қызметін бұзбайтын әсері күшті және СКАЧАТЬ