Меншікке қарсы қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық. Гүлзағира Атаханова
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Меншікке қарсы қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық - Гүлзағира Атаханова страница 10

СКАЧАТЬ мөлшерден 10 және одан астам еселік мөлшерді құрайтын болса, ал жеке тұлғадан ұрланған мүліктің құны базалық мөлшерден екі немесе одан астам есе асатын болса мұндай ұрлық жай бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсу деп аталады. Бұл ортақ ережеге жеке тұлғаның мүлкін топтасқан адамдар жәбірленушінің киімінен, қол жүгінен немесе үйінен ұрлайтын жағдайлар жатпайды. Бұл жағдайда бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсу қоғамға елеулі қауіп төндіретіндіктен, заң шығарушы ұрланған мүлік құнының ең төменгі мөлшерін шектемейді.

      Жоғарғы Сот Пленумының 2003 ж. 11 шілдедегі № 8 Қаулысына сәйкес, жалғасып жатқан қылмыстарда ұрланған мүліктің құнын анықтау кезінде ұқсас қылмыстық әрекеттердің ниеті бір екендігі ескеріліп, ұрланған мүліктің толық құны есептелу керек. Қылмысқа бірге қатысушылар ұрлаған мүліктің мөлшерін анықтау кезіндегі мәселе жоғарыдағыдай шешіледі. Ұрланған мүлік бірге қатысушылардың әрқайсысына тиесілі сома емес, бірге қатысушылардың ұрлағанының жалпы құны (әрине, субъективті белгілер бар болған жағдайда) негізінде бағаланады.

      Бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсудің белгілі-бір түрі туралы мәселені шешкен кезде айыпты тұлғаның ниетінің бағыттылығын ескеру қажет. Жоғарғы Сот Пленумының жоғарыда аталған Қаулысында былай делінген: «Егер ұрлық жасау кезінде айыптының ниеті ірі немесе ірі мөлшердегі мүлікті иеленуге бағытталған және бұл әрекет айыптыға байланысты емес жағдайлармен іске аспаған болса, жасалған әрекетті нақты ұрланған мүліктің көлеміне қарамастан ірі немесе аса ірі мөлшерде ұрлық жасау қастандығын ойлау деп бағалау керек».

      1.3 Меншікке қарсы пайдакүнемдік және басқа да меншікке қарсы қылмыстар

      Заң әдебиеттерінде қылмыстық құқық ғалымдары меншікке қарсы қылмыстарды пайдакүнемдік және пайдакүнемдік мақсаттағы емес деп екіге бөлуді ұсынады. Біріншіден, мүлікті бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсу (ұрлық, алаяқтық, иеленіп алу мен ысырап ету, тонау, қарақшылық, ерекше құнды заттарды заңсыз айналымға түсіру) және басқа да пайдакүнемдік меншікке қарсы қылмыстар (қорқытып алушылық, алдау немесе сенімге қиянат жолымен мүліктік залал келтіру, көрінеу қылмыстық жолмен мүлікті алу немесе өткізу).

      Мұндай жіктеу қылмыста «пайдакүнемдік ниеттің бар немесе жоқтығын» анықтауды қажет етеді. Қылмыс жасаудың ниеті ретінде пайдакүнемдік қылмыс құрамында маңызды роль атқарады. Бұл адамдарды қылмыс жасауға итермелейтін кеңінен таралған және мәжбүрлеп итермелейтін пиғыл. Пайдакүнемдік ниет қоғамдық қауіпті тудырып, көбірек залал келтіреді. Пайдакүнемдік өзінің туындау жағынан кекшілдік және меншіктің пайда болуымен, мемлекеттің пайда болуымен, қоғамды жіктеп бөлуімен бірге пайда болған. Осылай, жағымсыз қасиет ретінде пайдакүнемдіктің тууымен дамуы, нысандары мен мазмұны, қоғамдық-экономикалық формацияның ауысуымен, меншік нысандарының дамуымен тікелей байланысты болады. Пайдакүнемдік бөтеннің меншігіне қол сұғуын, СКАЧАТЬ