Қолданбалы химия. Роза Рыскалиева
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қолданбалы химия - Роза Рыскалиева страница 15

СКАЧАТЬ жанармайдың және судың аса көп мөлшерін қажет ететін түсті металлдар өндірісінде де келтіруге болады.

      Металдардан материалдарды алу саласындағы негізгі міндеттердің біріне олардың сапасын жақсарту жатады. Бұл көзқарас тұрғысында, ұнтақты металлургия аса маңызды орын алады, оның негізінде металды ұнтақтар мен олардан қорытылған бұйымдар өндіру жатады. Дамытылған ұнтақты металлургияда негізгі екі бағытты ажыратады:

      1. азіргі уақытта белгілі әдістермен және қорытумен қол жеткізу мүмкін емес сипаттамалары бар (құрамы, құрылымы, қасиеттері) материалдар мен бұйымдрды жасап шығару;

      2. Өндірістің аса тиімді техникалық-экономикалық көрсеткіштері бойынша дәстүрлі материалдар мен бұйымдарды дайындау.

      Металды ұнтақтарды өңдеу арқылы материалдардың тәжірибе жүзінде маңызды қасиеттеріне қол жеткізуге болады. Мысалы, инертті атмосферада вольтты доғада алынатын балқытылған вольфрамның королкасы, әртүрлі қоспалардың, соның ішінде металлдың қатуы кезінде түзілетін кристалл аралық оксидті қабаттардың болуы себепті сынғыш болып келеді. Вольфрамның ұнтығын нығыздау және одан әрі бұйымды сутек атмосферасында пісіру арқылы мықты металл кесектерін дайындайды. Оларды соғуға, олардан табақшалар жаюға, рекристализациялаудан төмен температураларда қыздыру арқылы қалыптауға болады.

      Металды материалдардың сапасын жақсартуда жаңа, соның ішінде ыстыққа төзімді қорытпаларды жасап шығару маңызды орын алады. Мысалы, 50 жылдары авиациалық газды турбинді қозғалтқышты 20 % қалайы қорытпаларынан, 71 % болаттан және 9 % никельді қорытпалардан жасаса, ширек ғасырдан кейін қалайы қорытпаларынан 2 %, болаттан 4 % қалды, ал титанды қорытпалар 28 % құрады, қозғалтқыштың негізгі бөлшектерін жасайтын никелді қорытпалардың мөлшері 66 %-ға дейін өсті.

      Ti-Ni қосарлы жүйесінің негізінде алынған қорытпаларды атап айтса болады. CsCl құрылымды, қалыпты еске сақтау қасиеті бар Ni-Ti аралық металлиді 110 °C төмен температурада ромбоэдрлік домендерді түзе қайтымды мартенситті өзгеріске ұшырайды. Көрсетілген өзгерістің температурасын қорытпаны допирлеу жолымен (Pd енгізу

жоғарлатады, ал Fe мен Cr енгізу немесе Ni артық мөлшері
керісінше төмедетеді) реттеуге болады. 1963 жылы американдық зерттеушілерімен алынған қорытпаны «нитинол» деп атады, «ни» және «ти» – никель мен титанның, ал «нол» авторлар жұмыс істеген зертхананың қысқартылған атауы болатын. Нитинолға кез келген қалып беруге болады, мысалы спираль пішінін беріп оны қысқа уақытты қыздыру арқылы тұрақтандыруға болады. Тіпті нитинолды суық қалыптауға ұшыратса да, ол алғашқы бастапқы пішінін сақтайды. Қыздырған кезде бұйым өзінің спираль пішініне қайта келеді. Нитинол әлі кең қолданыс тапқан жоқ. Бірақ оны ғарыш кемелеріне антенналар ретінде және ғарыштағы басқа да құрылғылардың жұмысы үшін, оларға қарқынды күн сәулелері әсер еткенде алдын ала берілген пішінге айналатын құрылғылар ретінде СКАЧАТЬ