Тауарлар мен капиталдың халықаралық қозғалысы. Оқу құралы. Әсемгүл Бекмухаметова
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Тауарлар мен капиталдың халықаралық қозғалысы. Оқу құралы - Әсемгүл Бекмухаметова страница 17

СКАЧАТЬ тепе-теңдікті тез қалпына келтіру болып табылатын болса, онда ол стерильдеуге қарама-қарсы әрекеттер жасай алады. Бұл жағдайда төлем теңгерімінің жетсіміздігі ақша ұсынысын азайту есебінен қысқартылуы мүмкін, бұл экономикадағы ішкі шығындардың, соның ішінде импортқа деген шығындардың азаюына алып келеді. Төлем теңгерімінің оң сальдосы, керісінше ОБ-тан ішкі шығындар мен импортты ынталандыратын ақша массасының көбейтуін таладі етеді.

      Төлем теңгерімі (платежный баланс) аталмыш елдің басқа елдермен халықаралық экономикалық қатынастарының жайын көрсете отыра, бюджеттік-салықтық, ақша-сыртқы сауда, валюталық және т.б. негізді макроэкономикалық саясаттарды дайындау кезінде өте маңызды бағдар болып қызмет етеді.

      Төлем теңгерімі белгілі бір кезең аралығында (әдетте бір жыл ішіндегі) елдің экономикалық субъектілерінің басқа әлеммен сауда және қаржы мәмілелері жөнінде бухгалтерлік есепшоттар формасындағы статистикалық есеп беру түрінде көрінеді. Сондықтан да бұл құжатқа бекіген атау оның шын болмысына сәйкес келмейді, себебі теңгерімде белгілі бір датадағы қордың (запастардың) көрінісі беріледі, ал төлем теңгерімінде қарастырылатын кезең ішінде елдер арасындағы игіліктер мен капитал (мүлік) ағындары көрсетіледі. Төлем теңгеріміндегі көрсеткіштер әдетте бірыңғай әлемдік валютамен (АҚШ долларымен) беріледі.

      Төлем теңгерімінде 1-кестеде жүйелеп көрсетілген төрт есепшот аталып көрсетіледі. Әрқайсысының кредитінде шетел валютасының ағымдағы кезеңдегі түсімін қамтамасыз етуші операциялар, ал дебетте шетел валютасының кері ағынымен қатар жүретін операциялар көрсетіледі.

      1-кесте. Төлем теңгерімінің есепшоттарының сызбасы.

      № 1 шотта кезең ішіндегі экспорт пен импорттың көлемі есепке алынады. Оның ішіндегі игіліктердің тауарлар мен қызметтерге бөлінуі халықаралық тауарлар мен қызмет айырбасының статистикалық есепке алудың ерекшеліктерімен байланысты болады. Егер де экспортталатын және импортталатын тауарлардың көлемін олардың шекара арқылы қозғалысы кезінде кедендік қызметтер жедел тіркеуге алып отыратын болса, ал екі елдің бір-біріне көрсеткен қызметтердің құндылығының жалпы сомасын есептеу үшін есепке алудың ерекше әдістерін қолданады. Халықаралық қызмет алмасуды сонымен бірге көзге көрінбейтін экспорт-импорт деп те атайды.

      Шекара сыртында қолданылатын еңбек пен капиталдан түсетін кіріс № 2 есепшотта көрсетіледі.

      Аударымдар есепшотында тауарлар мен қызметтерді олардың ағымдағы құндылығы бойынша ақысыз жеткізулері есепке алынады. Бұған көмектің барлық түрлері мен ақысыз ақша аударымдары жатады. Көмек ретінде ұсынылатын тауарлар мен қызметтердің құндылығы төлем теңгерімінде екі рет көрсетіледі, біріншісі аударымдар теңгерімі дебетінде, екіншісі тауарлар мен қызметтер шоты кредитінде. Егер де ақшалай көмек ұсынылатын болса, ол ауадарымдар теңгерімі дебеті мен валюталық резервтер СКАЧАТЬ