Тауарлар мен капиталдың халықаралық қозғалысы. Оқу құралы. Әсемгүл Бекмухаметова
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Тауарлар мен капиталдың халықаралық қозғалысы. Оқу құралы - Әсемгүл Бекмухаметова страница 12

СКАЧАТЬ импортқа шек қоятын протекционистік шаралар арқылы да қол жеткізуге болады.

      Жүзбелі валюталық курс жағдайында фискалдық саясат, керісінше, тиімсіз болып қалады. Мұның себебі IS-нің оңға жылжуы шақырған пайыздың ішкі ставкасының өсуі елге шетел капиталының құйылуына алып келеді және отандық валютаға сұранысты арттырады. Отандық валютаға сұраныстың өсуі валюталық курстың өсуін қозғайды, бұл таза экспорттың қысқаруына алып келеді. Таза экспорттың төмендеуі жиынтық сұраныстың бастапқы өсімін жоққа шығарады және IS ирегін бастапқы кұйге қайтарып алып келеді. Яғни фискалдық саясат бұл жағдайда тиімсіз болып шығады. Алайда мұның жағымды жағы бар: жүзбелі валюталық курс экономиканың ұлттық кіріс деңгейін тұрақты ұстай отыра, автономды сұраныстағы күрт толқулардың әсерінен сақтайды.

      Жүзбелі валюталық курс жағдайында кредиттік-ақша саясаты, керісінше тиімді болып табылады. Ынталандырушы монетарлық шаралардың нәтижесі 8-суретте бейнеленген.

      8-сурет. Жүзбелі валюталық курс жағдайындағы ынталандырушы кредиттік-ақша саясаты.

      Орталық банкі ақша ұсынысын көбейтті деп болжайық, бұл LM1 ирегінің LM2 жайына қарай жылжуында көрініс береді. Ақша ұсынысының өсуі елден капиталдың кері ағынын ынталандыра отыра, пайыздың ішкі ставкасының төмендеуін қозғайды. Шетел валютасына деген сұраныстың нәтижесінде валюталық курс төмендейді, бұл таза экспорттың өсуіне, және де бұған сәйкес жиынтық сұраныстың (IS1 IS2) өсуіне де алып келеді. Жаңа үш еселенген тепе-теңдік Ү2 ұлттық кірістің жоғарырақ деңгейі және пайыздың әлемдік ставкасы жағдайында орнайтын болады.

      Соныменен, мемлекеттің ашық жүйедегі экономикаға әсер ету әдістерін таңдауы ұлттық валюта режиміне тәуелді болады.

      Соның ішінде, төлем теңгерімінің қарызын Орталық банкінің елдің валюта резервтерін сату жолы арқылы орнын толтыруы қажеттілігін тудырады. Орталық банкінің валюталық резервінің азаюы бұл жағдайда ішкі нарықта Орталық банкінің елдің экономикалық жүйесінен «алатын» ұлттық валютаның орнына шетел валютасының ұсынысының өсуімен қатар жүреді. Осылайша төлем балансының жетімсіздігі елдегі ақша ұсынысын азайту тенденциясына, ал артылып қалушылығы – көбейту тендениясына ие болады. Егер де монетарлық үкімет көңіл аудармаған жағдайда (мұндай жағдай өте сирек болады) бұл процесстердің орын алуы мүмкін. Ақша ұсынысы, әдетте, төлем бейтеңгерімін белсенді түрде стерильдеуге, яғни төлем бейтеңгерімінің ақша ұсынысына әсер етуіне жол бермеуге әрекет ететін монетарлық үкіметтің өте қатаң бақылауында болады.

      Төлем теңгерімінің жетімсіздігін стерильдеу үшін олар ашық рыноктағы мемлекеттік облигацияларды сатып алуы, есеп ставкаларын азайтуы немесе резервтік талаптарды азайтуы керек. Төлем теңгерімінің артылып қалушылығын стерильдеу үшін олар керісінше жасауы керек, яғни мемлекеттік құнды қағаздарды сатуы, есеп ставкасын көтеруі, резервтік талаптарды көтеруі керек. Монетарлық үкіметтің төлем бейтеңгерімін стерильдеу қабілетінде шектеулер бар екендігі СКАЧАТЬ