Тауарлар мен капиталдың халықаралық қозғалысы. Оқу құралы. Әсемгүл Бекмухаметова
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Тауарлар мен капиталдың халықаралық қозғалысы. Оқу құралы - Әсемгүл Бекмухаметова страница 7

СКАЧАТЬ де ЖҰӨ түпкі сұраныс компоненттері көзқарас тұрғысынан қарастырылса, ол біріншіден, бір бөлігі жеке тұтынуға жұмсалған, екіншіден, бір бөлігі жеке секторда жинақтауға кеткен (жеке валюталық инвестициялар), үшіншіден, бір бөлігі жиынтық мемлекеттік шығындарды қаржыландыруға жұмсалған (мемлекеттік тұтыну және жинақтау) және де төртіншіден, бір бөлігі сауда балансы (экспорт минус импорт) сальдосына тең соманың көрінісін береді.

      Материалдық игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөліп тарату және тұтыну үрдісінде макроэкономикалық субъектілер арасында қалыптасатын қарым-қатынас нәтижесінде жиынтық тұрде экономикада кірістер мен шығындардың халықшаруашылық айналымын құрайтын тұрақты ақша ағындары қалыптасады.

      Барлық негізгі ақша ағындарының сызбалық кескіндемесі 4-суретте көрсетілген.

      4-сурет. Халық шаруашылығы айналымы.

      Әрбір өнім ағынына белгілі бір ақша ағыны сәйкес келеді. Тауарды игіліктер нарығында сату, өндіруші ақшалай кіріс алды, ал сатып алушы ақша шығынын жасайды дегенді білдіреді. Халық шаруашылығы айналымында тап осы шығындар мен кірістердің ақшалай ағындары есепке алынады.

      Схемада үш негізгі нарыққа кіретін – игіліктер, өндіріс факторлары және қаржы нарықтарына енетін төрт макроэкономикалық субъектілер (үй іші шаруашылығы, фирмалар, мемлекет және шетел) атап көрсетілген.

      Өндіріс факторлары рыногында үй іші шаруашылықтары мен фирмалар кездеседі. Фирмалар нарықтық бағамен үй іші шаруашылықтарынан сатып алған өндіріс факторларының көмегімен өндірілген игіліктерді сатады және де оны сатудан Ү көлеміндегі кіріске ие болады.

      Фирмалардың тапқан кірістерінің барлығы да еш қалдықсыз факторлық кірістерге бөлініп орналастырылатындықтан үй іші шаруашылығы факторларды сатудан Y көлеміндегі кіріс алады.

      Үй іші шаруашылықтары алған кірістен мемлекетке Т көлеміндегі салық төлейді, ал қолда қалған кіріс (Үv = Ү – Т) тұтынуға (С) және жинақтауға (S) бөлінеді.

      Мемлекет үй іші шаруашылықтарынан Т көлемінде салық алады және де G көлеміндегі мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады.

      Ұлттық экономиканың шетел секторымен арақатынасы таза экспорт көрсеткіші (NE = Е – Z) арқылы игіліктер нарығында және капиталдың таза экспорты көрсеткіші (NKE = КЕ – KZ) арқылы капитал нарығында көрініс табады.

      Кірістер мен шығындар ағындары арасындағы өзара байланыс әрбір макроэкономикалық субъектінің бюджетінде көрініс береді. Егер де аталмыш ағындардың жиынтық мәні өзара тең болатын болса бюджет теңгеріледі.

      Мұны символдармен белгілесек, келесі макроэкономикалық тепе-теңдік тұрінде көрінеді:

Y = C + I + G + (E – Z), [1]

      мұнда,

      Ү – жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ)көлемі, С – жеке тұтынушылық шығындардың көлемі, I – жеке жиынтық капитал салымының көлемі. G – мемлекеттік тұтыну және жинақтау көлемі, Е – экспорт көлемі, Z СКАЧАТЬ