Практикалық археология. Ғани Омаров
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Практикалық археология - Ғани Омаров страница 14

Название: Практикалық археология

Автор: Ғани Омаров

Издательство: КазНУ

Жанр: История

Серия:

isbn: 978-601-247-529-6

isbn:

СКАЧАТЬ қорған да ғ ы әрбір құрылыстың толық анықтамасы (қорғанның, қабір шұңқырының, тас құрылысының, құрылыс іздерінің және т.б. өлшемі).

       қабірдің сипаттамасы (мәйіттің орналасуы, бағыты, жанында орналасқан заттар жайлы анықтама).

       заттық материалдардың құрамы мен хронологиясына байланысты анықтама.

       қабірде табылган заттардың хронологиялық және шифрлік көрсеткіші бар суреттер.

       қазбаның, ашылған қабірдің және т.б. жұмыстардың фотосуреттері.

      Есепке арналған материалдардың зертханалық өңделу құрамына:

       жинақтың алгашқы камералдық өңделуі (табылған заттарды артық заттардан арылту үшін жуу, оларды табылған жері және орналасуы жайлы мәліметі бойынша шифрлеу).

       материалдардың жинақтық сипаттамасын құру (табылған заттың нөмері, табылған орны, жылы, ескерткіштің атауы, қысқаша сипаттамасы, интерпретациясы, кезеңделуі көрсетіледі).

       далалық сызбалардың нұсқалары (далалық сызбаны тушпен қағазға түсіру, қажетті нөмерлер мен жазуларды түсіру, оны компьютерге көшіру).

       жекелей және көпмөлшерде табылган заттардың (толық пішінде керекті белгілері мен өлшемдері көрсетілген суреті).

       күрделі лабораториялық сараптама жасау (арнайы ғылыми және ғылыми-атқарушы лабораторияларда іске асырылады). Көптеген сараптамалар күрделі көпсатылы процесс болып табылады (спектральдық, металлографиялық, дендрохронологиялық, палеобатаникалық, радиокөміртектік).

      Есептің безендірілуі, құрылымы және мазмұны. Ғылыми есеп археологиялық барлау мен қазбаны орындаудағы лицензия құрылымын ұсыну талабымен сәйкестендіріліп безендіріледі. Егер есеп шаруашылық келісім тақырыбымен жасалса, онда бұл есептің ішінде шаруашылық келісімге қатысты бөліктері болуы қажет.

      Ғылыми есеп далалық зерттеулерге «лицензия» алған археологтың жеке ғылыми жұмысы болып саналады. Ол барлық талқылау және бекіту кезеңдерінен кейін Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология Институтының мұрағатында сақталады. Есептің авторы оның жариялануында Казақстан Республикасының Заңына сүйене отырып, авторлық құқығын қолдана алады.

      Осы есептегі мәліметтерді пайдалану үшін зерттеушілер автормен жазбаша келісім шартқа отыруы қажет немесе Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «авторлық құқық» негізінде келісім шартқа отыруы қажет. Ғылыми есеп жұмыс болып саналғандықтан, ол жұмыс уақытында орындалып оның сапалы және уақытылы жасалуы жауапкершілігін Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология Институты мойнына алып, археологиялық бақылау жүргізген еді.

      Есептің безендірілуі құрамында:

      Мұқаба парағы, автордың аты жөні, әкесінің аты, ұйымының толық атауы, және орындалған орны, мұнда протокол номері және бөлім мәжілісінің есепті бекіткен күні жазылады.

      Лицензия есептік жылдағы жұмыстың мұқабасынан соң қойылады. Егер лицензия пайдаланылмаса және жұмыс жүргізілмесе немесе жұмыстың бір бөлігі жүргізілсе СКАЧАТЬ