Название: Гүлмінездің гүлдері
Автор: Кеңес Оразбекұлы
Издательство: Издательские решения
Жанр: Книги для детей: прочее
isbn: 9785449898593
isbn:
Сыртта қарлы боран ұйытқып тұр. Көшенің арғы басындағы үйлер бұлдырап көрінеді. Өлеңнің мазмұны мен сырттағы көрініс сай келгендей. Гүлмінездің әсершіл көңілі елегізіп, көз алдына әлденелер елестеді.
Терезені біреу ұрып тұрған сияқты, әйнек «тырс-тырс» етеді. Анық-тап қараса, ар жақтан қорқынышты бір бейне сығалайды. Апандай ау-зын ашып, қарлы үскірігін боратады дейсің: «У-у-у-у!».
Гүлмінездің жүрегі кеудесіне сыймай, лүп-лүп соқты. Мөлдіреген бота көздері үрейге толы, денесін суық ызғар қарығандай тітіркенді.
Әлгі құбыжықтың бұрқыраған демі көрінбес қорғанға соғылып, одан бетер өрши түскендей. Әне, енді ол долдана аласұрып, айда-лаға лағып барады. Ол сол бойы дабылдамастан, қыр астында қой жайып жүрген кісіге барып тиісті. Нөкер-бұрқасындарын соңына ертіп, құйындатқан күйі, әлгі адамды шыр айналуда. Қарды ұйытқыта шашып, оны ат-матымен көміп тастамақшы. Кісі де сеңсең тонына орана түсіп, оңайлықпен берілер емес. Қолындағы өрім қамшыны оңды-солды сілтеп, қаскүнем бәлемен қасарыса алысуда.
Мәссаған! Кісі дегені – өз атасы. Гүлмінездің тұла бойы түршігіп кетті. Тамағына бір нәрсе кептеліп қалғандай, тынысы тарылды. Жанары ылғалданып, бұлдырап барады.
…Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
…ақ орда үй шайқалды…
Үздік-создық естілген өлең сөздері оның үрейін тіптен өршітті.
…Шидем мен тон қабат киген малшы,
Бет қарауға шыдамай теріс айналды…
Кенет атасы ат үстінен аударылып түскендей болды. Гүлмінездің көз алды бұлдырап кетті. Бар даусымен шыңғырып жібергенін өзі де сезбей қалды…
Көзін ашса, бүкіл сынып қоршап алыпты. Жамал апайы да бәйек болып жүр.
– Саған не болды, Гүлмінез? Басыңды көтерші. Бір жерің ауыра ма? – деп, жаны қалмай құрақ ұшуда.
– Жәй өзім… Атамды ойлап… – деді ол өксігін баса алмай. – Кешегі қарлы боранда қойларымен ығып кетіпті. Түні бойы ай далада, қарлы боранның астында қалып, іздеушілер зорға тауып алыпты. Қазір ауруханада жатыр…
– Ым-м, солай ма еді. Қой, қамықпа, Гүлмінез. Дәрігерлерді мен білемін. Атаңды тез арада сауықтырып шығарады. Көресің әлі… Осы көктем шықсыншы. «Атамды сағындым» деп, жайлауға тағы қашарсың. Гүлмінез жымың етті.
Оқу жылының басында, шопандарға су таситын Қайыржан көкесінің машинасымен қойлы ауылға тартып отырған. Сол күні ол сабағынан да қалып еді…
– Егер көңіл қошың болмаса, кітаптарыңыды жиыстырып, үйі-ңе қайта ғой.
Гүлмінез басын шайқады:
– Жоқ, мен «Қысты» айтам.
– Өте жақсы. Онда біраздан кейін өзіңе келгенде шығарамын. Жа-рай ма?
Ол басын изеді. Сабақ әрі жалғасты. Өзінің кезегі келгенше, тере-зеге қарамауға тырысты. Аты-жөні аталғанда, орнынан тұрып, тақтаға беттеді. Өлеңді айтуға оқталып, тамағын кенеді де, тұрып қалды.
– Жамал апай, – СКАЧАТЬ