Название: Гүлмінездің гүлдері
Автор: Кеңес Оразбекұлы
Издательство: Издательские решения
Жанр: Книги для детей: прочее
isbn: 9785449898593
isbn:
***
Алтай бүгін мектептен көңілді оралды. Үйге кіргеннен сумкасын жерге қоя сап, атасының мойнына асылды.
– Иә, бүгінгі сабақтардан «бес» алғансың ау деймін, шамасы?
– «Бес» дегенің ол күнделікті бағалар ғой. Мен бүгін қазақша күрестен Сәбит, Досан, Асқарларды жеңіп, аудандық жарысқа жолда-ма алдым! Міне, «бес» дегеніміз – осы!
– Бәрекелді, құлыным! Қажымұқан атаңдай күшті балуан бол! – деп, немересінің маңдайынан сүйді. – Ал, енді бара ғой, анаңның дайындаған тамағын тойып іш. Балуандарға қажет мол күш! – деп ұйқастырып, немересін ас үйге қарай бағыттады.
– Міне күш! – деп Алтай екі қолын көтеріп, білек бұлшық еттерін бұлтыңдатып, ас үйге қарай аяңдады.
***
– Ат-а! – деп Алтай таңертең тұра салып, үстелде шай ішіп отыр-ған атасының жанына алып-ұшып жетті. – Ата, білесіз бе, мен ерекше баламын!
– Оны қайдан білдің?
– Мен бүгін түс көрдім. Түсімде жұлдызды көктен бір қанатты барыс ұшып келіп, төсегімнің басына қонды да: «Мен сенің піріңмін. Сен аудандық жарыста да жеңіп шығасың» деді. Ендеше мен ерекше бала болғаным ғой, иә?!
– Иә, – деді Едіге атасы жымиып. – Егер сенің пірің қанатты барыс болса, ерекше бала болғаның.
– Ендеше оның айтқаны айнымай келеді ғой, иә?!
– Келеді. Егер ол түсіңде аян беріп, «жеңесің» десе, жеңесің.
– Ала-қа-ай!
– Дегенімен, құлным, мына кеңесімді есіңде ұста: Қанатты барысың «жеңесің» десе, оның саған жігер, рух бергені. Сол жігер-рухпен қуаттанып, жаттығуыңды еселейтін болсаң, міндетті түрде жеңіске жетесің.
– Онда мен қазірден бастап жаттығуға кірісемін! Ала-қа-ай! – деген күйі ол сыртқа жүгірді.
ГҮЛМІНЕЗДІҢ ГҮЛДЕРІ
ҚАМҚОРШЫ
Есікті айқара ашып, тойған қозыдай томпиған кішкене қыз кірді. Бұл – бақшадан қайтқан Гүлмінез. Қолында тығыншықтай, қап-қара күшік бар. Оны еденге қоя берді. Өзі есікті жауып, ақ мамықпен көм-керілген қоңыр пальтосының түймелерін ағытты. Киім ілгішке бойын созып іліп жатып:
– Анашым, ау анашым, – деп еді, асхана жақтан «Ә, не дейсің?» деген дауыс естілді.
– Мұнда келші. Мен әдемі күшік тауып алдым. Өзі әбден тоңыпты. Қарны да аш болу керек, сүт бар ма?
Асханадан шыққан шешесі күшікті көрген замат:
– Е-ей, Гүлмінез-ай, – деді әбіржіп. – Оны қайдан алдың? Ада-сып жүрген біреудікі де. Апарып таста.
Гүлмінез күшікке ара түсті:
– Бұның иесі жоқ, анашым. Көшенің ортасында, әркімге бір алаңдап, бүрі-сі-іп тұр. Дірілдеп, көзі мөлдіреп, жалынышты қарайды. Қыңсылап-қыңсылап қояды. Маған адамдардан шеккен зәрібін айтып жатқандай сезілді. Аяп кеттім, Алайықшы?
Шешесі қызына мейірлене қарады:
– Бұл бәлең дүниеге келмей жатып, қандай зорлық көріпті?
Гүлмінез бота көздерін СКАЧАТЬ