Название: Гүлмінездің гүлдері
Автор: Кеңес Оразбекұлы
Издательство: Издательские решения
Жанр: Книги для детей: прочее
isbn: 9785449898593
isbn:
– Үйге кіріңіз, шаңырағымнан дәм татыңыз, – деп қоймайды.
Сонда Дінмұхамед Ахметұлы:
– Жақсы онда, дәмнен үлкен емеспіз, кіріп өтейік, – дейді. Осы сөзді естігенде әйелдің қуанғаны сондай, үйіне жүгіре жөнелді.
Үйге кіргенде, әйел сегіз жастықты Қонаевтың жолына қаз-қатар тізіп қойған екен. Дінмұхамед Ахметұлы осыған таң қалып, жастықтан өте алмай дағдарып тұрғанда:
– Менің сегіз балам бар. Мына жастықтарды солар жастанады. Сіз осы жастықтардан аттап өтіп төрге озсаңыз. Сонда мен бұл жастық-тарды сіз аттаған қасиетті жастықтар екенін елге, балаларыма айтып, мақтаныш көріп жүрер едім, – дейді. Сонда Дінмұхамед Ахметұлы:
– Жо-жоқ! Сіздің сегіз балаңыз жатқан бұл жастықтарды атта-маймын. Қайта әрқайсысын маңдайыма тигізіп, тәу етейін. Балала-рыңыз мақтаныш көріп жатсын, – деп жол тауып кетіпті.
«ҚОНАЕВТЫҢ АРҒЫМАҒЫ»
Бірде бір кеңшардың жұрты Дінмұхамед Ахметұлына ақ боз арғы-мақ сыйлайды. Әлгі аттың тұлғасының сұлулығы, сыр-сымбатының келіскендігі сондай, қарасаң көз тоймайды екен. Қонаевтың өзі де сүйсінгенін жасыра алмапты. Дегенмен ол кеңшар басшысын бір шетке шығарып тұрып:
– Мақұл, мен бұл әсем арғымақты жұрттың алдында сый ретінде қабылдап алған болайын, – депті. – Бірақ оны өзіммен бірге әкетпей, сіздің кеңшарыңызда қалдырып кетемін. Өйткені, өзі нағыз бәйгеге қосатын жел аяқ тұлпарға ұқсайды. Сіздер оны бәйгелерге қосы-ңыздар. Бәйгенің алдын бермей, жеңімпаз шыққан кезде: «Бұл – Қонаевтың арғымағы!» – деп айтып жүрсеңіздер, маған соның өзі жеткілікті, – деген екен.
ЕРЕКШЕ БАЛА
Алтай Едіге атасымен қыдырыстап жүріп, ауыл орталығындағы ескерткіштің тұсына келді. Сол арадағы орындыққа жайғасқаннан кейін екеуінің де назары бірден алдарындағы ескерткішке түскен. Тастан қаланған биік тұғырда – бойында бес қаруы түгел алып батыр басын көтере ұстап, қияндағы көкжиекке тігілген күйі сесті көрінеді. Батырдың оң қолы – алдаспан қылышының сабында, ал сол қолы, жанына аңшы ит сияқты ерткен қызыл жолбарыстың желкесінде. Олар сол күйлерінде елдің тыныштығын қорғап тұр ма, әлде алыс қиырдан келе жатқан жауларын көріп, соларды күтіп алуға сайланып тұр ма, белгісіз.
– Ата, – деді Алтай ескерткішке ойлана қараған күйі. – Батыр-лардың жан серігі ат болады емес пе. Мәселен, Алпамыс – Шұбар ат, Қобыланды Тайбурыл мініп жауға шапқан. Ал, мына Ескелді бабамыз аттың орнына қызыл жолбарыс мінген бе?
– Олай емес, құлыным, – деді Едіге ақсақал немересінің басынан сипап. – Ескелді де кәдімгі батырлардай ат мінген. Ал, мына қызыл жолбарыс Ескелді батырдың пірі болған. Бұл ескерткішті тұрғызған мүсінші ағалар өзге ат мінген батырлардан ерекшеленіп тұрсын деп, батырды қолдаушы пірі қызыл жолбарыспен бедерлепті ғой.
– Ата, пір дегеніміз не?
– Пір дегеніміз, балам, ерекше жағдайларда, мәселен, соғыс, не басқа түскен қиындықтарда жанынан табылып, адамды қолдап, қорғап, демеп СКАЧАТЬ