Мейрхан Абдильдин: Өнегелі өмір. Вып. 22. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Мейрхан Абдильдин: Өнегелі өмір. Вып. 22 - Коллектив авторов страница 24

СКАЧАТЬ жақсы оқитын, өзі бастық, қарапайым, досқа көмекке дайын тұратын. Қыздарды да жек көрмейтін. Осы тұста бір мысал. Жәкең тоғызыншы класта. Сол кезде біздің колхоздан қырық шақырым жерде тұратын Киров совхозының жетінші класта оқитын Амангүл деген қызы ән айтып аудандық Олим- пиадада бірінші орын алыпты. Осыны естіген Жәкең, қызды көрмесе де, сыртынан ұнатып, сол қызға өлеңмен хат жазады. Ол хат Кировтағы мектеп директорының қолына түседі. Бұлар, әйтеуір бұл жақсы нәрсе емес деп, әлгі қызды педсоветке (мұғалімдер кеңесіне) салады. Қыз байғұс жылайды, бұндай баланы білмеймін, көрген емеспін, пәле болды ғой маған деп зар илейді. Не керек, біраз шатақ болып, қыз өлдім-талдым дегенде әзер мектеп қабырғасында қалады. Кейін осы қыз біздің Жәкең оқып жүрген мектепке келіп оқиды, себебі Киров совхозындағы мектеп тек жеті жылдық мектеп болатын. Жәкең мен қыз бірінші рет біздің мектепте кездесіп, біріне-бірі ұнап, дәл ауылдың Ромео және Джульеттасындай болғаны. Біздің үйге осы Амангүл құрбы қыздарымен келгенде шешеміз байғұс әбден әбігерленіп қалатын.

      Біздің тұрған үйіміздің алдында үлкен қора болатын. Қораға жарық түсіп тұруы үшін төбеде үлкен тесік болатын. Сол тесіктің тұсына стол жазып Жәкең, жанында Жұмаш деген досы бар, қыздарға өлең шығаратын. Мені болса, елдің бәріне жаясың деп, қорадан қуып шығады. Бірақ мен төбеге шығып, ақырын білдірмей, тесіктің тұсына жата қалып екі ақынсымақтардың жазған өлеңдерін, шындықтарын естіп, біліп алатынмын, елге жаятынмын.

      Ақыры Жәкең мектеп бітірді. Бірақ кім болатынын, қайда оқуға баруы керек екенін толық білмейтін. Университет деген сөздің мағынасын, біздің мектепте тарих пәнінен сабақ беретін Сәрсенаебав деген егделеу мұғалімнен сұрап алған. Бұл кісінің айтуынша, университет деген сөз «универсал» деген сөзге жақындау болуы керек. Осы кезде Жәкеңнің қолына бір газет түсіп, осы газетте Қазақтың Мемлекеттік университетінде философия факультеті ашылып, осы факультет ғылыми қызметкерлер дайындайды деген хабарландыруды оқиды. Жәкеңе «ғылыми қызметкер дайындайды» – деген сөздер ұнап, Жәкең философ боламын деп шыға келгені. Өзі философия деген сөзді білмейді, бірақ мұғалім Сарсенбаев: Аристотель, Маркс, Абай т.б. данышпандар философ болған деп мысалдар келтіреді. Жәкеңе, әсіресе, Абай философ болған деген сөздер ұнайды. Ол кезде қазақтың кәрісі де, жасы да Абайды біледі, мақтаныш тұтады.

      Тағы да бір қызық нәрсе. Бір күні Жәкең түс көреді. Түсінде Абайды көреді. Абай бабамыз айтады екен: «Ел ойлайды, менің барлық кітаптарымды білеміз деп. Олай емес. Менің әлі де ел білмейтін кітаптарым бар» – деп қолында шамы бар Абай бабамыз Жәкеңе кейбір кітаптарын көрсеткен екен. Бұл түс, әрине, жақсылыққа жорылғаны айтпаса да түсінікті.

      Осы 1949 жылы июль айында, Жәкең Алматыға оқуға кетті. Район орталығынан Семейге дейін пароход жүретін, ал Семейден Алматыға поезбен кетуге болады.

      Район орталығы біздің колхоздан қырық шақырым жерде болатын. Шығарып салуға әкем екеуміз бардық. Район орталығына СКАЧАТЬ