Мейрхан Абдильдин: Өнегелі өмір. Вып. 22. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Мейрхан Абдильдин: Өнегелі өмір. Вып. 22 - Коллектив авторов страница 23

СКАЧАТЬ жамбас аты, Бестау колхозының Сары бауыр аты, т.б. аттар болатын. 7 ноябрде, Май мейрамындағы ат шабыс балаларға, тіпті үлкендердің өзіне де, қазіргі дүниежүзілік олимпиадалық ойындай болып көрінетін. Бәйгеден озып келген аттар, оларға шапқан балалар көп уақыт ел аузында әңгіме болатын, біздерге дәл олимпиаданың чемпиондарындай болып көрінетін. Соның бірі – біздің Жәкең.

      Қазір қалай екенін білмеймін, негізінде бәйге аттарды жақсы көру, оларды мадақтау, аңыз ету қазақ халқының қанына сіңген жақсы қасиеттердің бірі. Жылқыны тану қазақтардың төл мәдениетінің бір белгісі. Ауыз әдебиетінде Қобыландының Тайбурылы, Абайдың өлеңі «Аттың сыны», Ақан серінің Құлагері туралы біздің кезіміздегі қай қазақтың баласы сүйсініп оқымады десеңізші. Сондықтан біздің жас кезіміздегі Май ауданының бәйге аттары бізге, балаларға, тұлпарлар болып көрінетін, біздің жастық шағымыздың керемет поэзиясы еді. Әсіресе, Қызыл еңбек колхозының Көлтай торы аты – теңдесі жоқ жүйрік ат еді. Бұл ат аудандағы бәйгелерді ғана алып қоймай, тіпті облыста бірінші болып келген. Облыста алда келген ат – тұлпар емей немене? Осы ат туралы әлі күнге дейін бір көлемді әңгіме жазылмай келеді. Елімізде ат сынайтын керемет сыншылар да болған. Олар туралы ешқайда жазылмаған. Тіпті, елдің көрнекті, үлкен ақсақаладры мен азаматтары туралы да уақытында жазылмай жүр. Бұл болмайды. Бұл мәселелердің бала тәрбиелеуге тікелей қатынасы барын есімізден шығармауымыз керек.

      Осы орайда тағы бір жағдай еске түседі. Ертеректе, біздің май ауданында, бұрынғыша айтқанда Кеңтүбек болысында, Райбай торы деген жүйрік ат болған екен, ол аттың иесі, еліміздің атақты сыншысы, қадірлі үлкен адамы Алданғор деген ақсақал болған. Торы атты, арық, жауыр, жаман дөнен кезінде Алдекең бір Райбай деген қайыршы шалдан сатып алған, содан аттың аты Райбай торы деп аталған. Осы ат Ертіс бойындағы Кереку, Өскемен аралығындағы ар жақ, бер жақты мекен еткен елдердің астағы, тойдағы, басқада атшабысында бәйге бермеген. Райбай торы Алданғор ақсақалдың қолында сегіз жыл тұрып, жиырма екі бәйгенің алдында келген. Бір рет екінші болып, ал бірінші болып Шәкәрімнің ақ қасқасы келген екен дейді. Бір рет жолда жығылып, Шабандозы қалып қойып,өзі аттармен көмбеге шауып келген. Райбай торы 1924 жылы ауырып өлген. Осы әңгімені бала кезімізде әкемізден талай естігенбіз, бірақ Райбай торыны бүкіл Қазақстанға паш еткен адам – Ғазиз Нүрпейісов. Бұл кісінің Алматыда, «Жалын» баспасында 1977 жылы басылып шыққан «Аңшы сыры» деген кітпашасында Райбай торыны әдейі әңгіме еткен. Қызығы, бұл кісі журналист, жазушы да емес, бүкіл өмірін аңшылыққа арнаған, көпті көрген қария екен. Тағы бір қызығы, бұл кісі Қостанайдың адамы, ал Павлодар облысының атын әңгімеге арқау еткен. Осындай адамдар біздің елде де бар шығар. Біздің елдің басқа атақты жүйріктері туралы жаза ма деген үміттеміз.

      Енді Көлтай торы аттың әңгімесіне қайта оралайық. Аттың Көлтай торы деген аты елдің азаматына байланысты. Атты алғаш мінген осы адам болса керек, кейін СКАЧАТЬ