СКАЧАТЬ
Хазар патшасының өзi келiп, көптеген әскермен оларды керi қайтарып отырды. Әрине, көшпендiлердiң бұл қозғалысы сол жерлердiң отырықшы халықтарының заңды қарсылықтарын туғызды. Бiрақ мал жайылымдарының жетiспеушiлiгi мен қажеттiлiк түркiлердiң қозғалысына еш кедергi бола алмады. Ортағасырлық деректерде оғыздардың Хорезммен соғыстары туралы жазылады. Абу Райхан Бируни күз сайын Хорезм шахтар түркi-оғыздарды өз шекарасынан әрi қарай қуып жiберу үшiн әскерiмен аттанып отырғанын, оғыз шабуылына қарсы Хорезм шекарасының бойында күзет мұнаралары мен қамалдар салып, бұл бекiнiстi күзететiн әскерлер жаудың көрiнуiн түтiн түтету арқылы бiлдiрiп отырғанын жазады. Осындай мұнаралар Урга мүйiсiнен Үстiртке дейiн созылып жатты. Оғыз көшпендiлерi Хорасанның шекаралас қалалары мен ауылдарына дүркiн-дүркiн шабуыл жасап отырды. «Серахстан Мервке дейiн, – деп жазады Иакуби, – алты күндiк жол. Бiрiншi аялдама Үштұрмағақ, одан соң Данданекан, одан соң Генугирд. Бұл Әли ибн Хишам ибн Фаррух Хосроудың иелiгi. Бұл бекеттер шөлде орналасқан. Бұлардың әрқайсысында бекiнiс бар. Бұл бекiнiстер анда-санда шабуыл жасап тұратын түрiктерден қорғайды. Х ғасырда оғыздарға қарсы Джурджан, Дехистан, Ферава шекаралық бекiнiстер салынды. Джурджан облысы күштi бекiнiс аймағына айналды. Хорасан мен ғұз даласының аралығында қорғаныс сызығы пайда болды». Дегенмен бұл бекiнiстер түркiлер тасқынын уақытша тоқтатқанмен, оларға түпкiлiктi қарсы тұра алмады. Кудама ибн Джафардың айтуынша «түркiлер Джурджанмен шекаралас шөлдi мекендедi. (Джурджан) халқы күйген кiрпiштен олардың (түркiлердiң) шабуылынан қорғану үшiн дуалдар соқты. Бiрақ түркiлер Джурджан халқын жеңдi». Осылайша, түркiлер ешқандай да кедергiлерге қарамастан барлық мүмкiндiктерiн сарқа пайдаланып, отырықшы көршiлерi территориясына ағылып келiп, жаулап алуға тырысты.
Осы орайда америкалық зерттеушi А. Тойнби көшпендiлердiң саяси белсендiлiкке көшуiн, олардың өздерiмен шекаралас отырықшылар территорияларына қозғалысын төмендегiше түсiндiруге тырысады. А. Тойнбидiң пiкiрiнше көшпендiлердiң белсендiлiгiне көршi отырықшы елдердегi саяси жағдайдың нашарлап, құлауының басталуы. Осының әсерiнен ол қоғамда өзiндiк вакуум пайда болады да мұны көшпендiлер шебер пайдаланып кетедi. Оның ойынша көшпендiлердiң отырықшы оазистерге жылжуына климат, әлеуметтiк вакуум және осы екеуiнiң қосындысы әсер етедi. Қолдағы бар деректердi пайдалана отырып, көшпендiлердiң белсендiлiкке көшуiне сыртқы да, iшкi жағдай да әсер еткенiн байқаймыз. Мал шаруашылығымен тығыз байланысты көшпендiлер үнемi мал жайылымдарына жетiспеушiлiктi сезiндi. Орталық Азиядан әртүрлi саяси жағдайдың әсерiнен оқтын-оқтын орын алған халықтардың қоныс аударуы түркi даласында халық санының өсуiне әсер етпей қоймады. Мал санының артуы, оның тауарлығының шапшаң өсуi дала тұрғындарының Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстiгiндегi отырықшы-егiншiлiк оазистерiмен сауда-байланыс жүйесiне тартылып, мал ұстауға жайылымдарды кеңейтуге, сауда базарына еркiн шығуға итермелейдi