Инвестициялық жобаларды басқарудың теориясы мен əдістемесі. Қарлығаш Мұхтарова
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Инвестициялық жобаларды басқарудың теориясы мен əдістемесі - Қарлығаш Мұхтарова страница 6

СКАЧАТЬ href="#img9d90f1066f4a499b86bcdcffd4c5d22e.jpg"/>

       2-сурет. Анық белгіленген тапсырмалар бойынша жобаларды басқарудың кестелік матрицасы

      Бірінші блоктың нәтижесі басқармалық тапсырмаларды кеңістікте орнықтыру матрицасы болып табылады. Бұл блок белгілі бір жобаның құрылымдық бөлімшелері арасында басқарушылық тапсырмаларды бөліп таратады.

      Екінші блок – бұл әртүрлі нормативтік актілерді есепке ала отырып құрылған жобаның басқару аппаратында міндеттерін, құқықтары мен жауапкершілігін бөлу процесі. Бұл блоктың нәтижесі – басқарудың әкімшілік тапсырмаларының бөлінісінің матрицасы. Басқарудың әкімшілік тапсырмаларының бөлінісінің матрицасы басқарудың ұйымдастырушылық құрылымындарын жобалаудың негізі және көп басқару жұмыстарын жүзеге асыруды қажет ететінін анықтаудың бірден-бір ұйымдастырушылық құралы.

      Үшінші блок – басқару процесінің моделі. Алғашқы екі блок статикалық болса, үшінші блок – динамикалық. Уақыты бойынша ол төртінші, динамикалық блокпен теңгерілген. Үшінші блоктың нәтижесі тапсырмалар классификаторы немесе лауазымдық нұсқаулар болып табылады.

      Блоктардың тепе-теңдігі жобаны басқарудың динамикалық жүйесін құрайды.

      Практикалық тапсырмалар:

      Осы тақырып бойынша өткен материалдарды қайталап, төмендегі анықтамаларға сәйкес келетін терминдерді 5-кестеге толтырыңыз.

      5-кесте

      Жобаларды басқару анықтамалары бойынша терминдерді анықтау тапсырмасы

      Бақылау сұрақтары:

      1. ЖКБЖ дегеніміз не және бұл жүйенің ұйымдардың жетілу моделіне қандай қатысы бар?

      2. Жобаның ұйымдастырудың жетілу моделін атап, оған сипаттама беретін үш өзара байланысқан элементке қысқаша түсіндірме келтіріңіз.

      3. Жобаны басқаруды ұйымдастыру не үшін керек?

      4. Инвестициялық жобаны ұйымдастырушылық басқарудың принципиалды схемасының мәні неде?

      5. Кестелік матрица түріндегі инвестициялық жобаны іске асыру моделін суреттеңіз.

      6. Инвестициялық жобаны басқару аппаратының әрекетіне сәйкес іске асырылатын өндірістік операциялардың мазмұнын ашыңыз.

      7. Инвестициялық жобаны басқарудың динамикалық жүйесін құруға мүмкіндік беретін теңдестірілген блоктар тізбегін суреттеңіз.

      5- тақырып

      ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫ ЖОСПАРЛАУ (ҚАДАМДАРЫ МЕН ТАРМАҚТАРЫ)

      Жобаның бастамасы оның өмір сүруінің басталуы болып табылады. Кез келген жоба «ойланып табылуы», ой сарабынан өткізілуі және басталуы керек. Жоба орын алған жағдаймен жұмыс істеу барысында идея, ой ретінде пайда болады.

      Идея қалыптастырудың жеке тәсілінде ой бағытын біржақтылық тұрғыдан қарастыру қаупі бар, ал ұжымдық жұмыста ой мен идеялардың кең спектрлі варианттары пайда болады.

      Конец ознакомительного СКАЧАТЬ