Инвестициялық жобаларды басқарудың теориясы мен əдістемесі. Қарлығаш Мұхтарова
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Инвестициялық жобаларды басқарудың теориясы мен əдістемесі - Қарлығаш Мұхтарова страница 4

СКАЧАТЬ қай түріне жатады?

      2. Сіздің ойыңызды қандай фактілер растайды?

      Бақылау сұрақтары:

      1. Жобаның негізгі жіктелу белгілерін атаңыз.

      2. Жобалардың түріне қарай олардың бөлінуін суреттеңіз.

      3. Жобаларға олардың салалық және территориалдық белгілеріне қарай сипаттама беріңіз.

      4. Шығындар бойынша жобаларды сипаттаңыз.

      5. Мемлекеттік маңыздылығы шеңберінде жобаларды сипаттаңыз.

      6. Мерзімдік категориялары бойынша жобаларды сипаттаңыз.

      7. Қатысу деңгейіне байланысты жобаларды сипаттаңыз.

      8. Жобаның өмірлік цикліне анықтама беріп суреттеңіз.

      9. Жобаның өмірлік циклінің әр сатысына талдау жасаңыз.

      3- тақырып

      ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ БАСҚАРУ ӘДІСТЕРІ

      Инвестициялық жобаны басқару дегеніміз не? Инвестициялық жобаны басқару, бұл сөздің кең мағынасы, заманауи технологияларды, әдістерді, тәсілдерді, ғылыми білімді пайдалануға негізделген кәсіби-шығармашылық қызметті білдіреді, сондайақ қызметтің бұл түрі жобаларды мақсатты әрекетті өзгерістер ретінде іске асыру жолымен тиімді нәтижеге бағытталған.

      «Инвестициялық жобаны басқару» ұғымына келесі нышандар кіреді:

      1. Жеке индивидиум үлкен көлемді мүдделерді іске асыра алмайды. Бұл мамандардың бас қосуы мен еңбек бөлінісін талап етеді. Осыдан келіп әлеуметтік-техникалық жүйеде белгілі бір мақсаттарды көздейтін басқару жүйесін құру қажеттілігі туындайды.

      2. Белгілі бір мақсатқа жету үшін ресурстар қажет. Ресурстарды қамтамасыз етіп, құрастырып, бағдарлап қолдану керек.

      3. Мақсатқа жетуді қамтамасыз ету әрекетін «менеджмент» деп атайды. Бір жағынан, басқару жүйесінің құрылымы жоспарлы түрде даму керек, екінші жағынан, оның қызметінің процестерінің өтуін, коммуникациясын жүйенің өз ішінде және одан тыс қабылданып алынуын құрылымды түрде рәсімдеу қажет.

      4. Ұйымды әлеуметтік-техникалық жүйе ретінде басқару өз мақсаттарын іске асыра алатын саланы, шаралар шеңберін белгілейді.

      Барлық келтірілген басқару нышандары жобалардың барлық түрінде күшіне енеді, сонымен қатар жобалық белгісі бар шараларға да қатысты.

      Инвестициялық жобаны басқару жүйесіндегі келесі әдістерді ерекше атап өткен жөн:

      Жобаның мақсаттарын анықтау әдістері анық емес мақсаттар үшін «ми шабуылы», «ойларды жазып алу», «шығармашылық конфронтация», «жүйелік құрылымдау», тағы да басқа шығармашылық процесс техникасын пайдаланады.

      Кестелік жоспарлау және басқару әдістері заман талабына сай дамытылған әр алуан түрлі қамтамасыз ету бағдарламасымен қатар қолданылғанда, ол жобаларды басқару әдістер жүйесіндегі негізгі орталық буын болып табылады.

      Шығынды жоспарлау әдістері – айнымалыларды түрлендіру арқылы жоба құнын минимизациялауға негізделген белсенді бағыт. Олардың ішінде жобаның пайдасы мен шығындарының функционалды құндық сараптамасы және қолданысқа енгізу шығындары есебімен жобаның экономикалық СКАЧАТЬ