Инвестициялық жобаларды басқарудың теориясы мен əдістемесі. Қарлығаш Мұхтарова
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Инвестициялық жобаларды басқарудың теориясы мен əдістемесі - Қарлығаш Мұхтарова страница 3

СКАЧАТЬ жағдайында қандай критерийлер жобаның мәніне сипат бере алады?

      7. «Жобаны басқару» ұғымына анықтама беріңіз.

      2- тақырып

      ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ

      Жобаларды түрлері бойынша бөлудің көптеген критерийлері бар. Төменде жобалардың жіктелуі жалпылама түрде келтірілген:

      Жобаның түрлері:

      – ғылыми;

      – экономикалық;

      – техникалық;

      – әлеуметтік;

      – басқарушылық (әкімшілік);

      – әскери;

      – экологиялық;

      – саяси;

      – технологиялық;

      – ұйымдастырушылық;

      – ғарыштық.

      Жобалардың жіктелуі:

      I. Салалық және территориялық белгілері бойынша:

      • Қалалық, аудандық.

      • Ауданаралық.

      • Салалық.

      • Салааралық.

      II. Шығындарына байланысты:

      • Жай.

      • Күрделі.

      III. Мемлекеттік маңыздылығына байланысты:

      • Халықаралық (үкіметаралық).

      • Ұлттық (мемлекеттік).

      IV. Уақыт критерийлері бойынша:

      • Қысқа мерзімді.

      • Орта мерзімді.

      • Ұзақ мерзімді.

      V. Қатысу дәрежесіне байланысты:

      • Ұжымдық (бірнеше қатысушысы бар).

      • Жеке (бір қатысушысы бар).

      Әр инвестициялық жоба пайда болуы кезінен бастап аяқталуына дейін нақтылы бір кезеңдерден өтеді, бұл жобаның өмірлік циклі (ЖӨЦ) деп аталады. Жобаның өмірлік циклінің кезеңдерін менеджер төменде келтірілген тәртіпте орналастырады:

      1) идеяның, ойдың пайда болуы;

      2) мәселенің сараптамасы (мақсаттар, талаптар, міндеттер);

      3) тұжырымдаманы құру (альтернативті тұжырымдамаларды таңдау);

      4) толық жете зерттеу (сараптау, сызбалар, толық жете жоспарлау);

      5) жобаны іске асыру (іс қағаздар мен құжаттар, сынақтар, қабылдау);

      6) қолдану (енгізу, техникалық қызмет көрсету, қолдану);

      7) жою (демонтаж, жою, сату, әрі қарай жетілдіруге тапсырыс беру, т.б.).

      Басқа да жіктелу белгілері бойынша ЖӨЦ-ті төмендегі сатыларға бөледі:

      1) инвестициялау алдындағы кезең немесе инвестициялау алдындағы зерттеулер сатысы;

      2) инвестициялау немесе жобаны инвестициялау сатысы;

      3) қолдану сатысы;

      4) инвестициялаудан кейінгі немесе нәтижелерді бағалау сатысы (2-кестені қараңыз).

      2- кесте

      Жобаның өмірлік циклінің кезеңдері

      Практикалық тапсырмалар:

      1. Осы тақырып бойынша өткен материалдарды қайталап, төмендегі анықтамаларға сәйкес келетін терминдерді 3-кестеге толтырыңыз.

      3- кесте

      Жобаларды басқару анықтамалары СКАЧАТЬ