Название: Институционалды экономика
Автор: Ғалия Даулиева
Издательство: КазНУ
Жанр: Зарубежная образовательная литература
isbn: 978-601-04-1559-1
isbn:
Кез келген қарым-қатынаста тепе-теңдік әртүрлі болуы мүмкін:
– анықтаушы стратегия тепе-теңдігі;
– Нэш тепе-теңдігі;
– Штакельберг тепе-теңдігі;
– Парето тепе-теңдігі.
Анықтаушы стратегия тепе-теңдігі – басқаға тәуелсіз бірінші қатысушыға барынша жоғары пайдалылықты қамтамасыз ететін іс-әрекет жағдайында орындалады.
Нэш тепе-теңдігі – ойыншылардың ешқайсысы өзінің жоспарын өзгерту арқылы өз ұтымын біржақты арттыра алмайтын жағдайда орын алады. Ойыншының максималды пайдалылығы басқа ойыншының мінез-құлқына тәуелділікте болады.
Штакельберг тепе-теңдігі – ойыншының шешім қабылдаудағы уақыт легінің болуымен сипатталады, бір ойыншы екінші ойыншының мінез-құлқын біле отыра, шешім қабылдайды. Штакельберг тепе-теңдігінің алдыңғы екі тепе-теңдіктен айырмашылығы, ол әрдайым орындалады.
Парето тепе-теңдігі бір ойыншының жағдайын кемітпей, ешқандай ойыншының да жағдайын жақсарту мүмкін емес ситуацияда орындалады.
Қарым-қатынас модельдерінің жіктемесі:
Ойындар теориясындағы базалық модельдер Нэш тепе-теңдігіндегі нүктелер саны олардың Штакельберг, Парето тепе-теңдіктерімен сәйкестігі немесе сәйкессіздігі бойынша ерекшеленеді.
1) N1 = St1 = St2 = Р ≠ N2
2) N1 = St1 = St2 = Р
3) N = St1 = St2 ≠ Р
4) N1 = St1 = Р1 = N2 = St2 = Р2
5) N = St1 = Р1 = St2 = Р2
6) N = St1 = St2 = Р
7) St1 = Р = St2 = Р2
8) St1 = Р = St2 = Р2
Бұл модельдер индивидтер қарым-қатынасында үйлестіру, сәйкестілік, бірігу, әділетсіздік мәселелері орын алатынын көрсетеді.
Үйлестіру мәселесі Нэш бойынша екі тепе-теңдік нүктесі орын алған жағдайда пайда болады (І, IV модельдер). Бұл мәселенің шешілуі қосымша институционалды шарттардың енгізілуіне, фокальды нүктелерге немесе келісімдерге тәуелді.
Сәйкестілік мәселесі Нэш тепе-теңдігі болмаған жағдайда пайда болады (VII, VIII модельдер). Институттар таңдауды шектемеген жағдайда индивидтер өз іс-әрекеттерін үйлестіре алмайды.
Нэш тепе-теңдігі болмаған немесе ол бірегей және Парето тиімсіз болған жағдайда бірігу мәселесі туындайды (ІІІ модель). Бұл жағдайда да қосымша институционалды шектемелердің, нормалардың енгізілуі Парето-тиімді нәтижеге жетуге әкеледі.
Егер Нэш бойынша, бірегей тепе-теңдік ұтымның қатысушылары арасында асимметриялы, әділетсіз бөлінуімен сипатталса, әділеттілік мәселесі пайда болады (V, VI модельдер). Бұл мәселенің шешілу нұсқаларының бірі – қайталанбалы СКАЧАТЬ