Название: Институционалды экономика
Автор: Ғалия Даулиева
Издательство: КазНУ
Жанр: Зарубежная образовательная литература
isbn: 978-601-04-1559-1
isbn:
Р. Коуздың «Әлеуметтік шығындар мәселесі» (1960) еңбегінде жаңа көзқарас тұрғысынан экстерналийлердің (сыртқы әсерлер), яғни шаруашылық қызметтің сыртқы жағымсыз әсерлерінің (осы қызметпен мүлде қатысы жоқ қоршаған ортаға, объектілерге әсері т.с.с.) теориялық зерттеулері ұсынылады. Осы мәселе алдыңғы зерттеушілердің көзқарастарына сәйкес (А. Пигу), сыртқы әсерлердің болуы, әдетте «нарықтың құлдырауы» ретінде сипатталады және мемлекеттің араласуына толық негіз болады. Коуз меншік құқықтары айқын анықталған кезде және трансакциондық шығындар болмаған кезде, өндіріс құрылымы өзгеріссіз және ұтымды болып қала береді, сыртқы әсерлер мәселелері туындамайды, сондықтан мемлекеттің араласуына негіз жоқ екендігін дәлелдейді.
Теорема меншік құқығының экономикалық мәнін ашты. Сыртқы әсерлер тек меншік құқығы айқын емес, көмескі анықталғанда ғана пайда болады. Сыртқы әсерлер, әдетте шексіз (су, ауа) категориясынан сиректік категориясына ауысатын ресурстарда пайда болады, осыған дейін де бұларға меншік құқығы болмағандығы кездейсоқ емес. Осы мәселені шешу үшін меншік құқығы айқын анықталмаған аумақтарда жаңа меншік құқығын құру жеткілікті болып табылады.
Коузға трансакциялық шығындар ұғымы фирманың өмір сүру себебі туралы мәселені шешуге (неоклассикалық теорияда бұл мәселе тіпті қозғалған емес) және фирманың қолайлы көлемін анықтауға көмектесті. Тек нарықтың ғана болуы ауқымды трансакциялық шығындармен жүзеге асады. Коуз фирманың өмір сүруін нарықта мәміле жасау шығындарынан қашуға тырысуымен түсіндіреді. Фирма ішінде ресурстарды бөлу әкімшілік жолмен жүзеге асады (бағалық ишаралардың негізінде емес, бұйрықтар негізінде), оның шеңберінде ізденіс шығындары азаяды, контрактіні жиі қайта жасау қажеттігі жойылады, іскерлік байланыстар тұрақтанады. Алайда фирма көлемінің өсуіне байланысты оның қызметін үйлестіру шығындары да өседі (басқару тиімділігінің төмендеуі, бюрократизация және т.с.с.). Сондықтан қолайлы фирма көлемін трансакциялық шығындар фирманың үйлестіру шығындарына тең болған нүктеде есептеуге болады.
Америкалық ғалым Джеймс Бьюкенен (1919 ж. туылған) 1960 жылы қоғамдық таңдау теориясын (ҚТТ) классикалық еңбектерге айналған «Келісім есебі», «Еркіндік шекарасы», «Экономикалық саясат конституциясы» жұмыстарында ұсынды. ҚТТ макроэкономикалық шешімдердің саяси механизмінің қалыптасуын, басқаша айтқанда, саясатты экономикалық іс-әрекеттің бір түрі ретінде зерттейді. ҚТТ зерттеулерінің негізгі бағыттары: конституциялық экономика, саяси бәсеке моделі, өкілетті демократия жағдайындағы қоғамдық СКАЧАТЬ