Музейлік электронды сөздік. Тәттігүл Картаева
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Музейлік электронды сөздік - Тәттігүл Картаева страница 10

СКАЧАТЬ Мәскеуде жасалған. Еденге парсы кілемі төселген. Қабырғаларға А. Риттихтың «Дастарқандағы алма», Таңсықбаевтың «Бозқараған», Шығыс Түркістандағы қазақ жазушылары сыйлаған «Тау көрінісі» суреттері ілінген. Әйнекті абажа мен кебежелердің ішінде қымбат бағалы, күміспен зерленген ыдыс-аяқтар сақталған. Ұлы жазушы ғұмырының соңғы он жылындағы шығарм. қуанышы мен азабының куәсі болған – жұмыс бөлмесі. Бөлмедегі кітап сөрелері дөңгелене қаланған қабырғаға кіріктіріле орнатылған. Жазу үстелінің үстіндегі қолжазбалар, қаламсап пен қарындаштар, көзілдірік пен кітап, бүркіттің мүсіні сол күйі сақталған. Бұрышта – жазу мәшеңкесі. Жазушы кешке жақын ұзақ уақыт шам жақпай, алакеуім көлеңкеде, қолына домбырасын алып, терезе алдындағы диванда отырып күй тартуды өте ұнатқан. Музей үйінің бірінші қабатындағы төртінші бөлме – жазушының қарындасы Үміштің (Үмияның) бөлмесі. Бұл бөлме өзгелерден ерекше, қазақ халқының дәстүрлі тұрмысы үлгісінде жиїаздалған. Бұрышта – сандық. Терезе алдында жазушының ертеректе пайдаланған шағын үстелі тұр. Төрге ағайын-туыстарының суреті ілінген. Екінші қабаттағы үш бөлменің ең үлкені – ұйықтайтын бөлме. Жазушы бөлмедегі жиїаздарды Ригадан алдырған. Киім шкафында жазушы киген киімдер ілулі тұр. Жазушының қызы Ләйләнің бөлмесі шағын, қарапайым ғана жиїазбен жабдықталған. Төрде Орманшының сыйға тартқан суреті ілулі тұр. Жазушының ұлы Ернардың бөлмесіндегі ерекше құнды экспонат – ескі жазу үстелі. Бұл үстелді жазушы 1932 ж. сатып алған. 1951 жылға дейінгі шығармалары, соның ішінде «Абай жолының» алғашқы екі кітабы осы үстелде жазылған.

      1997 ж. құрылысы біткен жаңа көрме ғимаратының негізгі бөлігі бұрынғы музей үйінің еңсесін баспас үшін жерге сіңіріле салынған. Көрмеге баспалдақпен түседі. Бұл – Әуезовтің көркемдік әлеміне тізеңді бүгіп, тағзым етіп кіру рәсімі үшін әдейі жасалған сәулеттік шешім. Көрменің іші – жалпы түркі әлеміне ортақ көк түспен көмкерілген. Көрменің негізгі мақсаты – ұлы тұлға ғұмырына қатысты заттар, құжаттар, суреттер арқылы жазушының тағдырын, шығарм. мұратын терең де әсерлі ұғынуға жәрдемдесу. Онда қойылған экспонаттар М. Әуезовтің туған, өскен ортасы, жазушылық жолы, қоғамдық қызметі, «Алаш» қозғалысы, кеңестік жазалау саясаты тұсындағы көрсетілген қысымдар мен 1930-32 ж. түрмедегі өмірі, шет ел сапарлары туралы жан-жақты мағлұмат береді. Салтанат ғимаратында жазушының өзі туралы деректі фильмдермен қоса, оның шығармалары бойынша түсірілген «Абай әндері», «Райхан», «Асудағы атыс», «Көксерек» көркемсуретті фильмдері, замандастарының жазушы туралы айтқан естеліктерінің бейнетаспалары көрсетіледі. Жазушының өзінің дауысы жазылған таспалар мен күйтабақтар бар. Алматы қалалық халық ун-тінің дәстүрлі сабағы да айына екі рет, жұма күндері осында өткізіліп тұрады. Орталықта мекемелер мен жоғары оқу орындарына, мектептерге апарып таныстыруға арналған тақырыптық көшпелі көрме жұмыс істейді. Қайта қалпына келтіру шеберханасы мен ғыл. жұмыспен айналысушыларға қызмет көрсететін компьютерлік бөлім бар.

      БАЛАЛАР СКАЧАТЬ