Название: Музейлік электронды сөздік
Автор: Тәттігүл Картаева
Издательство: КазНУ
Жанр: Зарубежная образовательная литература
isbn: 978-601-04-1737-3
isbn:
Қазақстанның, Ресейдің, Еуропаның, Американың, Шығыс елдері халықтарының қолданбалы өнерінің баға жетпес жұмыстары музейдің негізі қорындағы туындылар болып табылады. Камбиазо, Саверея, Дюге, Остаде, Коро, Добиньи, Гудона, Куазево сияқты атақты қылқалам шеберлерінің туындылары сақталған. Музей қоры 24000- бірліктен астам. Ә.Қастеев атындағы МӨМ әлемдік мәдени мұраларды сақтау, оларды зерттеу және танытуда маңызды іс шараларды орындайды. Музейдің тұрақты экспозициясы әрбір халықтың мәдени байлығы мен ерекшелігін көрсететін экспонаттар арқылы әлемдік өнердің негізгі даму сатыларын байқауға болатын тарихи хронология тәртібіне негізделген. Музейде зерттеу және білім беру ісі белсенді түрде жүргізіліп қана қоймай, сондай-ақ жыл сайын халықаралық және республикалық ғылыми конференциялар өткізу үрдіске айналған. Музейде өткізілетін қазақстандық, шетелдік суретшілердің көрмелері өнер сүйер қауымның, Алматы қонақтарының ерекше қызығушылығын тудырады. Музей өз тарапынан жинақтау, сақтау, көрме ұйымдастыру жұмыстарымен шектеліп қана қоймай, сонымен бірге музей қорын насихаттау және көркемсурет мәдениеті жайлы тұрғындарды кеңінен таныстыру мақсатында ағартушылық жұмыстарын, музей педагогикасын жүргізуді өз алдына мақсат етіп қойған. Музей түрлі жастағы және әлеуметтік топтағы келушілерді белсенді түрде тарту, музей қорының аса жоғары дәрежедегі көркемдік деңгейін көрсету мақсатында тақырыптық және шолу экскурсияларын жүргізу; аса бай иллюстриативтік материалдарды пайдалана отырып лекциялар өткізу жұмыстарын жүргізеді. Музей жанында Кіші өнер академиясы жұмыс істейді. Бейнелеу, сәндік-қолданбалы өнер тарихына арналған дәрістер 4-5 айға ойластырылған. Қазіргі таңда «Виртуалдық 3D галерея» инновациялық жобасы бойынша алғашқы туынды музей сайтында орналастырылған. Қолданылған СКАЧАТЬ