Название: Меншікке қарсы қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық
Автор: Гүлзағира Атаханова
Издательство: КазНУ
Жанр: Зарубежная образовательная литература
isbn: 978-601-04-1735-9
isbn:
7. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім: Оқулық. Алматы: Жеті жарғы, 2003. – 560 б.
1.2 Мүлікті заңсыз айналымға түсудің түрлерінің қазіргі таңдағы өзектілігі
1955 жылғы 15 қаңтардағы ҚазССР-нің Қылмыстық кодексінде және қазіргі қолданыстағы қылмыстық заңнамалар бойынша қылмысты бағалауда және жаза мөлшерін қолдануда мүлікті талан – таражға салудың мөлшеріне назар аударған. Бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсудің жасалу тәсілдерінің өзі талан-тараждалған мүліктің мөлшеріне қарай бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсу бірнеше түрге бөлінеді. Қазіргі қолданылып жүрген Қылмыстық заңнамада бөтеннің мүлкін ұсақтап талан-таражға салғаны үшін қылмыстық жауаптылық көзделмеген. Талан-таражға түскен мүліктің құны қылмыс істеген уақыттағы зиянмен белгіленген айлық есептік көрсеткішпен белгіленеді. Талан-таражға ұшыраған мүліктің бағасы мемлекеттік өткізу бағасымен, егер мүлік нарық немесе комиссиялық бағамен алынса, осы бағалармен есептелуі қажет. 1959 жылғы қылмыстық заңнаманың 77 бабына сәйкес «ұсақ бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсу 50 рубльден аспауы тиіс, ал 50 рубльден 2500 рубльге дейін елеулі мөлшердегі талан-тараж, ірі мөлшердегі талан-тараж 2500 рубльден 10000 рбль, аса ірі мөлшердегі талан-тараж 10 000 рубльды құрады.». Талан-таражға түскен заттың бағасы белгісіз болса, онда оның бағасы сарапшының қорытындысы бойынша анықталады.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі № 60-1v Заңы Қылмыстық кодекстен бірнеше бапты шегеріп тастап, бірнеше рет ұсақ бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсуді қылмыстар қатарынан алып тастады [30]. Сонымен қатар, заң шығарушы ұсақ бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсуді бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсудің түрі ретінде қалдырып, оны қылмыс емес, әкімшілік құқық бұзушылықтар қатарына жатқызды. Қылмыстық заңнамада бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсудің үш түрі көрсетілген: жай бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсу, ірі мөлшердегі және аса ірі мөлшердегі бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсу. Егер адам бұрын немесе қорқытып алғаны үшін екі және одан да көп рет сотталған болса және соттылығы заңмен белгіленген тәртіппен жойылмаған және алынбаған болса, кінәлі адамның әрекеттері ҚК-нің 175, 176, 177, 178-баптарының 3-бөлігінің "в" тармағы алынып тасталған және ҚК-нің 179-бабы 3-бөлігінің "г" тармағы алынып тасталынды. ҚК 13-бабының төртінші бөлігіне сәйкес кәмелеттік жасқа толмай тұрып жасалған ұрлық үшін бұрынғы соттылықтар әрекеттерді бірнеше рет немесе екi немесе одан да көп рет сотталған адам жасаған деген белгілері бойынша саралау кезінде ескерілмейді.
ҚК 175 бабындағы ескертпеге сәйкес, ұрланған мүліктің құны әрекет жасалған кезде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген бес жүз есе асып түсетін айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен асатын болса, мұндай бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсу ірі мөлшерде деп танылады. Ұрланған мүліктің мөлшері көрсетілген мөлшерден бес жүз есе асып түсетін және одан астам есе болса, бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсу аса ірі деп анықталады. СКАЧАТЬ