.
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу - страница 11

Название:

Автор:

Издательство:

Жанр:

Серия:

isbn:

isbn:

СКАЧАТЬ болып саналмайды. Меншікке қарсы қылмыстардың объектісі жөнінде заң әдебиетінде әртүрлі пікірлер қалыптасқан: меншік экономикалық категория ретінде емес, субъективтік құқық ретінде. Л.Д.Гаухман келесі топтарды меншікке қарсы қылмыстар ретінде қарастырады: талан-тараж, басқа да заңсыз бөтен мүлікті иемдену мен пайдалану, мүлікті жою немесе бүлдіру. Бұл қылмысты саралауда қылмыста конструктивтік белгі ретінде, екінші топта 185 баптың белгілері кездеседі.

      Меншікке қарсы қылмыстарды басқа авторлардың ойы бойынша былай бөлген: бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсу (175 бап – 178 бап, 180-бап); заңсыз айналымға түсу белгілері жоқ (қорқытып алушылық 181-бап, қорқытып алушылық, алдау немесе сенімге қиянат жолымен мүліктік залал келтіру, көрінеу қылмыстық жолмен мүлікті алу немесе өткізу); мүлікті жою немесе бүлдіру (187 бап, 188 бап). Аталған жіктеу, жоғарыда қарастырылғанмен салыстырған да, екінші топ қоғамға қауіпті зардап (мүліктік немесе басқа зиян) туғызады. Айтылғандарды қорытындылай келе, біз меншікке қарсы қылмыстарды былай топтастырғанды жөн көрдік: заңсыз айналымға түсіру (175 бап, 176 бап, 177 бап, 178 бап, 179 бап, 180 бап); заңсыз айналымға түсіру белгілері жоқ, меншікке қарсы пайдакүнемдік қылмыстар ( 181 бап, 182 бап, 183 бап); басқа да меншікке қарсы қылмыстар (187, 188 баптар). Жасыратыны жоқ, меншікке қарсы пайдакүнемдік сипаттағы қылмыстардың объектісі жөнінде әліге дейін қылмыстық құқық ғылымында жауабын таппаған мәселелер аз емес. Кейбір мамандар талан-тараждың объектісі ретінде экономикалық категорияны санайды, ал басқалары меншік құқығы ретінде, үшінші біреулері мүліктік мүдде, төртіншілері мүлік деп санайды. «Меншік» ешқандай қоғамдық экономикалық жүйе элементі де емес, субъективтік меншік құқығы да емес, тіптен меншікке қарсы қылмыстардың объектісі ретінде санамайтындар да бар. Әрбір автор өз позицияларын ұстанады. Біздің ойымызша меншікке қарсы қылмыстардың объектісі ретінде меншік экономикалық категория және құқықтық категорияны ұстанғандардың позициясы орынды деп есептейміз.

      Меншікке қарсы пайдакүнемдік қылмыстың заты болып жылжымалы мүлік танылады. Бірақ қылмыстық заңда алаяқтықта немесе қорқытып алушылықта жылжымайтын мүліктерді де жатқызады.

      Жекелеген пайдакүнемдік меншікке қарсы қылмыстардың құрамында міндетті белгісі ретінде әрекет (мысалы, қарақшылықта–күш көрсету, ал қорқытып алушылықта-бөтеннің мүлкін беруді талап етеді) болып саналады. Басқалары үшін, зардап және себепті байланыстың (мысалы, алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіруде) болуы да қажет. Аталған екі жағдай заңда қоғамға қауіпті зардап ауырлататын жағдай ретінде роль атқарады. Қазақстан Республикасының ҚК-нің алтыншы тарауы пайдакүнемдік қылмыстардың құрамы көбінесе материалдық, ал қарақшылық пен қорқытып алушылық формальды құрам болып келеді. Меншікке қарсы пайдакүнемдік қылмыстың субъективтік жағы кінәнің тікелей нысанымен сипатталады. Міндетті субъективтік белгілер ретінде пайдакүнемдік мақсат және пайдакүнемдік СКАЧАТЬ