Қосалқы тарихи пәндер. І бөлім. Тұрғанжан Төлебаев
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қосалқы тарихи пәндер. І бөлім - Тұрғанжан Төлебаев страница

СКАЧАТЬ өздерінің атабабаларының ерлік істері мен тамаша қасиеттері туралы аңыздар мен әңгімелерді айтып, мақтан тұтып, жас ұрпақты солардың үлгісінде тәрбиеледі. Өзінің сол замандардағы миссиясын әлі де атқарып келеді. Мұнымен қатар адамзаттың жасаған заттары, айтқан әңгімелері мен жырлары, қойған аттары мен атаулары, жазған жазбалары дерек ретінде сақталып, пайдаланылуда. Тарихи ойдың сақталу үрдісі және тарихи деректердің түрлерінің сан алуандығы олардың әрқайсысын арнайы зерттеп, оқып-үйрену үрдісінде оған қажетті білім салаларын ерекшелеудің қажеттілігі де пайда болды. Ал оларды тарихи тұрғыда оқып-үйрену барысында қосалқы тарихи пәндер ұғымы қалыптасты.

      Қосалқы тарихи пәндер – тарихи дерек түрлері мен мазмұнының ерекшеліктеріне қарай өзіндік әдістері қалыптасқан және тарихи зерттеулердің әдістері мен техникасы мәселелерін қарастыратын ғылыми пәндер жүйесі.

      Бүгінгі таңда тарихи зерттеулер барысында қосалқы тарихи пәндерді айналып өту мүмкін емес. Олар адамзат тарихының барлық салалары – экономика тарихы, әлеуметтік тарих, саяси тарих және мәдениет тарихы мәселелерінде тамаша, сирек кездесетін деректер мен мәліметтерді пайдалануға мүмкіндік береді. Қосалқы тарихи пәндерге, негізінен, генеология, хронология, нумизматика, ономастика, геральдика, сфрагистика, тарихи метрология, картография, палеография, тарихи география пәндері жатады. Ал олардың әрқайсысының зерттеу, оқыту аймақтары ғана емес, сонымен бірге әдістері мен объектілері де әртүрлі. Мәселен генеология – шығу тек, хронология – тарихи оқиғалардың мерзімін анықтау, ономастика – аттар мен атаулар, геральдика – гербтер, сфрагистика – мөрлер, тарихи метрология – өлшем бірліктері, картография – географиялық карталар, палеография – көне жазбалар мен жазулар, тарихи география – өткен замандардағы адамдардың мекен еткен, өмір сүрген аумақтары туралы мәселелерді зерттеп, оқытады. Қарап отырсақ, бұл пәндер сан қырлы мәселелерді қамтиды. Олардың кейбір салалары басқа ғылым салаларымен де байланысты болып келеді. Мысалы, ономастика, палеография пәндері филологиямен, лингвистикамен байланысты. Ал тарихи география – география, генеология, генетика, медицина, криминалистика, т.б-мен байланысты.

      Сондықтан қосалқы тарихи пәндер күрделі әрі қызықты болып келеді. Оны оқып-үйрену бүгінгі таңда тарихшылар үшін өте қажет және маңызды деуге болады.

      1. ОНОМАСТИКА

      Дәріс мақсаты: Ономастика пәнінің мазмұнын, мақсатын, ерекшеліктерін, деректік негіздерін, атропонимика, топонимика және этнонимика сияқты басты салаларын баяндау.

      Негізгі сөздер: Ономастика, атропонимия, топонимия, этнонимия, теонимия, космонимия, зоонимия, ойконим, ороним, гидроним, комоним, годоним және т.б.

      Негізгі мәселелер:

      1. Ономастика пәні, негізгі салалары және деректік орны.

      2. Қазақ антропонимикасы.

      3. Топонимика.

      4. Қазақ топонимикасы

      1.1. Ономастика пәні, негізгі салалары және деректік орны

      Ономастика термині грекше опота – ат, атау деген ұғымды білдіретін сөзден шыққан. Ономастика – есімдер мен атаулар туралы мәселелерді оқытатын ғылыми пән. Оны филологтар да, тарихшылар да зерттейді. Тарихшылар аттар мен атаулардың тарихи негіздерін, тарихи оқиғалармен байланысын, адамзат қоғамы дамуына қатысты деректік маңызын зерттеп, оқытады. Бұл тұрғыдан алғанда ол тарихи пән болып саналады. Дегенмен, ономастиканы тілшілер, филологтар да лингивистикалық, тілдің дамуы тұрғысында да зерттеп оқытатынын ескеруіміз керек. Сондықтан да ономастиканы кейде тарих пен филологияның тоғысындағы пән деп те атайды. Шынында да ономастиканы зерттеу барысында тарихшылар мен филологтар бір-бірімен жиі тоғысып отырады, бір-бірінің еңбектеріне сүйенеді.

      Ономастика кез келген, барлық саладағы есімдер мен атауларды зерттеп, оқытады. Сондықтан да ол бірнеше құрамдас бөлікке бөлінеді. Олар: антропонимия – адам аттары, топонимия – географиялық және топографиялық атаулар, этнонимия – халықтардың, ұлттар мен этностардың, этникалық топтардың және тайпалар мен рулардың аттары, теонимия – құдайлардың, мифтік кейіпкерлердің аттары, космонимия – планеталардың, жұлдыздардың, аспан денелерінің аттары, зоонимия – жануарлардың аттары және т.б. Осылардың ішінен ономастика тарихи пән ретінде, негізінен, антропонимияны, топонимияны және этнонимияны зерттеп, оқытады.

      Тарихи ономастиканың басты мақсаты есімдер мен атаулардың мазмұны мен мәнін, тарихи оқиғалармен, тарихи тұлғалармен байланысын, адамзат қоғамы дамуына қатысын, деректік маңызын зерттеп оқыту болып табылады. Ал оның міндеттері жоғарыда аталған әрбір саласының ерекшеліктеріне қарай айқындалады.

      Ономастикалық деректер, негізінен, алғанда, қазіргі қолданыстағы тілде сақталған, бар атаулар мен есімдер және жойылған, айтылмайтын бірақ сақталған жазбаша деректерде кездесетін атаулар мен есімдер болып екіге бөлінеді. Дегенмен, бұлайша бөлудің өзі шартты түрде ғана. Себебі тарихи атаулар мен есімдердің көпшілігі СКАЧАТЬ