Дипломатиялық құжаттама. Оқу құралы. Амангелді Әліпбаев
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Дипломатиялық құжаттама. Оқу құралы - Амангелді Әліпбаев страница

СКАЧАТЬ оматиялық құжаттамаға жан-жақты сараптама жасау мақсаты қойылған. Дипломатиялық құжаттарды жазу барысында қолданылатын дипломатиялық тілге, оның ерекшеліктеріне сараптама жасау барысында дипломатияға тән өзіндік тіл мәнері айқындалады. Студенттерді дипломатиялық қатынас хаттарымен, жалпы дипломатиялық құжаттармен таныстырады.

      Оқу құралының негізгі мақсаты:

      – дипломатиялық құжаттама жүйесі жөнінде түсініктеме беру;

      – студенттерді негізгі дипломатиялық қағидаларға сай тәрбиелеу;

      – дипломатиялық құжаттарды ресімдеуге және қатынас хаттарымен іс жүргізуге дайындау, соның негізінде студенттерге дипломатиялық қызметтегі кәсіби қызметкерлердің маңызды құралы болып табылатын дипломатиялық құжаттарды дайындаудағы және ресімдеудегі тәжірибелік шеберлікті меңгеруге көмектесу;

      – болашақ мамандардың коммуникативті құзыреттілік деңгейін көтеру;

      – әртүрлі халықаралық құжаттарды, олардың мәнерлік және тілдік ерекшеліктерін біліктілік тұрғысынан сараптай білуге үйрету.

      Осы мақсаттарға жету үшін оқу құралы шеңберінде келесі міндеттер жүзеге асырылады:

      – студенттерді дипломатиялық құжаттар және қатынас хаттарының нұсқаларымен және түрлерімен таныстыру;

      – дипломатиялық тәжірибедегі дипломатиялық құжаттардың қызметі мен рөлін көрсету;

      – дипломатиялық құжаттардың құрылымымен таныстыру;

      – халықаралық құжаттарды жазуды және ресімдеуді негізгі ережелерге сай үйрету, деректемелерді (реквизиттерді) ресімдеу ерекшеліктерімен таныстыру;

      – дипломатиялық құжаттаманы ресімдеуге және жазуға қойылатын талаптар мен өзіндік ахуалға сәйкес студенттерде дипломатиялық құжаттарды құрастыру дағдысын қалыптастыру;

      – дипломатиялық тіл этикетіне студенттердің назарын аудару;

      – студенттердің тілдік қорын кәсіптік тілмен байыту;

      – халықаралық құжаттарға қойылатын негізгі арнайытілдік талаптармен таныстыру;

      – дипломатиялық құжаттарды жазу барысында студенттердің дипломатиялық терминологияны пайдалана білу дағдысына үйрету;

      – икемділік қабілетін жетілдіру, араласудың өзіндік мәнері мен әдісін табуға ұмтылдыру, өздік жүйені өзбетінше жетілдіруді ойластыруға бейімдеу;

      – дипломатиялық құжаттардың мазмұны мен нысанына қарай, құжаттардың тілдік нұсқаларын пайдалануға байланысты құжат дайындауға қатысты студенттерде шеберлік пен ептілікті қалыптастыру.

      Сондай-ақ оқу құралы көлемінде студенттерге ақпараттық-талдау жұмыстарының әдістемесі жөнінде, ақпараттық базаны құрастыру тәсілі және онымен жұмыс жасау, ақпараттық-талдау және сараптау құжаттарын жазу жөніндегі негізгі білім беріледі.

      “Дипломатиялық құжаттама” пәнін оқыту студенттердің “Халықаралық қатынастар тарихы”, “Дипломатия тарихы”, “Дипломатиялық және консулдық қызмет”, “Дипломатиялық протокол мен этикет” сияқты пәндерді оқу барысында алған білімдеріне негізделеді.

      Оқу құралын дайындау барысында дипломатиялық құжаттарға қойылатын талаптарды, оларды жазу және ресімдеуді, ақпараттық-талдау құжаттарын дайындауды, кәсіптік дипломатиялық терминдерді білудің негізінде дипломатиялық құжаттарды құрастыру мәселелерін айқындауда көптеген тарихи зерттеулер мен дипломатиялық құжаттарға, дипломатия саласындағы ғылыми әдебиеттерге сүйендік.

      “Дипломатиялық құжаттама” студенттерге халықаралық саладағы мемлекеттік және мемлекеттік емес әртүрлі ұйымдарда қызмет ету үшін қажетті тәжірибелік білім алуға мүмкіндік береді. Пәнді бітіргенде студенттер дипломатиялық құжаттарды ресімдеуге қойылатын негізгі талаптарды біліп шығуға тиіс.

      1-ТАҚЫРЫП

      ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚҰЖАТТАРДЫҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

      Адамзат тарихында, қоғам мен жеке адамның, әрбір мемлекеттің өмірінде халықаралық қатынастар ежелден өте маңызды орынға ие болып келеді. Өйткені ұлттардың шығуы, мемлекетаралық шекаралардың құрылуы, саяси тәртіптердің қалыптасуы мен өзгеруі, әртүрлі әлеуметтік құрылымдардың орнығуы, мәдениеттің артуы, ғылымның, өнердің, техникалық үрдістің, тиімді экономиканың дамуы сауда, қаржы, мәдени және басқа да байланыстармен, мемлекетаралық одақтармен, дипломатиялық түйісулермен және басқа да алмасулармен, түйінін айтқанда халықаралық қатынастармен тікелей байланысты болды.

      Қазіргі жаһандану дәуірінде, барлық елдердің өндірістің көлемі мен сипатына, өнімнің түрлері мен олардың құнына, тұтыну қалпына, адамдардың құндылығы мен мұратына әсер ететін бір-бірімен тығыз шырмалған, көпқырлы өзара әрекеттестіктің тармақтанған торабында олардың мәні тіптен де өсе түсуде. Сол ретте әлемдік елдердің ішінде он сегіз жыл бұрын саяси картада СКАЧАТЬ