Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009). Бақыт Бөжеева
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009) - Бақыт Бөжеева страница 4

СКАЧАТЬ style="font-size:15px;">      Биполярлы жүйе кезіндегі екі державаның саяси, әскери және идеологиялық қарсыласуы БҰҰ құрылымы мен институттарының негізгі қызметіне сөзсіз әсерін тигізді. Соған қарамастан ұйым біртіндеп бейбітшілікті сақтау, ядролық соғысты болдырмау ісінде, отаршылдыққа қарсы күресте, адам құқын қорғау мәселесінде елеулі үлеске ие, беделді халықаралық ұйым бола алды.

      Қырғиқабақ соғыс аяқталғаннан кейін де БҰҰ белсендік танытуда. Әсіресе, БҰҰ бейбітшілікті қолдау жөнінде күш сала бастады. БҰҰ 80-жылдарға дейін тек бақылаушы түріндегі 14 әртүрлі миссиялар мен операциялар жүргізсе, 1988 жылы 33 бітімгершілік шараларын жүзеге асырды. 1995 жылы БҰҰ-ның бітімгершілік қызметіне 70 мың адам (31 мың әскери қызметкерлерді қосқанда) 70-тен аса елден тартылған. БҰҰ тарапынан алдын алу дипломатиясы (фактілерді анықтау жөніндегі миссия, бітімгершілік және т.б.), тараптардың уақытша бітімге келуін бақылауды ұйымдастыру, гуманитарлы көмек (босқындар мен қақтығыс құрбандарына көмек көрсету), қақтығыстан кейін ақтауға көмектесу сияқты шаралар ұйым тарапынан көрсетіле бастады.

      БҰҰ қақтығысты аймақтарда – Сомали, Мозамбик, Камбоджа, Ауғанстан, Орталық Америка, Гаити, бұрынғы Югославия, Таяу және Орта Шығыстағы, Руандадағы, Батыс Сахара, Тәжікстан, Грузиядағы қақтығыстарды реттеуге қатысты. Қауіпсіздік кеңесі санкция түрлерін, атап айтқанда, экономикалық, дипломатиялық, саяси, қаржы санкцияларын пайдаланды, қарулы күш қолданбай күштеу шараларын қолданды.

      Бірақ қырғиқабақ соғысының аяқталуы БҰҰ-ға жаңа мүмкіндіктер ашып қана қоймай, сондай-ақ оның кемшілікті жақтарын көрсете бастады. Оның бірі ұйымның әлі де болса бюрократтық аппараттарының болуы, шешім қабылдауына кедергі келтіруде. Екінші жағынан БҰҰ халықаралық-саяси өзгерістерге қарай бейімделуі қажет.

      БҰҰ реформалау мәселесі ұйым мүшелері арасында келіспеушіліктер тудыруда. Соған қарамастан бірнеше негізгі мәселесін көрсетуге болады:

      – халықаралық қауіпсіздік мәселесінде, дағдарысты реттеуде және бітімгершілік әрекеттерін жүзеге асыруда БҰҰ-ның едәуір тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету;

      – саяси тұрақсыздыққа байланысты, адам құқы бұзылған жағдайда, экологиялық апаттарға байланысты болған жағдайда елдің ішкі ісіне БҰҰ-ны қатыстыру мүмкіндігін кеңейту;

      – «дәстүрлі емес» салалардағы (экология, көші-қон, ақпараттық толқындарды реттеу) БҰҰ рөлін күшейту;

      – БҰҰ қызметін қаржыландыру тәртібін және оның қаржы ресурстарын пайдалану қағидаларын өзгерту;

      – БА рөлін жетілдіру, оның пәрменді шешім қабылдау үшін мүмкіндік жасау;

      – Бас Хатшының мәртебесін нақты анықтау және БҰҰ Хатшылығының жұмысын қайта құру;

      – БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелерінің қызметі мен рөлін айқындау, олардың қызметін үйлестіру, Халықаралық Соттың өкілеттілігін кеңейту;

      – ҚК жұмысының тиімділігін арттыру және оның құрамын өзгерту.

       СКАЧАТЬ