Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009). Бақыт Бөжеева
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009) - Бақыт Бөжеева страница 5

СКАЧАТЬ өзінің араласуымен Румыния, Венгрия, Болгария үкіметін құруды қолдады, ал АҚШ пен Англия олардың қайтадан құруды талап етті. Сондай-ақ КСРО-ның Югославияға қатысты, яғни бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Италия құрамына кірген Триест қаласының маңындағы славяндық жерлерді оған қосу ұсынысына да АҚШ пен Англия қарсы шықты.

      1947 жылдың 10 ақпанында Париж қаласында Италия, Румыния, Венгрия, Болгария және Финляндиямен бейбіт келісімдерге қол қойылды. Келісімдер негізінде Италия Албания мен Эфиопияның егемендігін мойындады. Италияның басып алған Додекан аралы Грекияға қайтарылды. Славян жерлері Триестен басқасы Югославияға берілді. Триест өзімен шектелген аумағымен «еркін аумақ» деп жарияланды (бірақ 1954 жылғы Италия мен Югославия арасындағы келісім бойынша «еркін аумақтың» батыс бөлігі Триест қаласымен бірге Италияға өтті, ал шығыс бөлігі Югославияға берілді). Италия өзінің Африкадағы отарлары – Ливия, Эритреи және итальяндық Сомалиден айырылды. Румыния және Венгриямен жасалынған бейбіт бітім негізінде Трансильванияның бір бөлігінің Румынияға қайтарылуын бекітті.

      Финляндия КСРО-ға Петсамо облысын қайтарды және Фин шығанағының солтүстік жағалауындағы (Хельсинкиден алыс емес) Порккала-Удд аумағын 50 жылға жалға берді, онда кеңестік әскери-теңіз тірегі құрылатын болды.

      Бейбіт келісімдердің саяси қаулысы Италия, Румыния, Венгрия, Болгария және Финляндия елдеріне барлық азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ету міндеттеді, фашистік ұйымдар қызметінің қайтадан жандануына тыйым салынды және бұл елдерге өзінің қорғанысы үшін шектеулі қарулы күш қолдануға рұқсат етілді, бірақ атом және жаппай қырып жоятын қару түрлерін жасауға тыйым салынды.

      Келісімдердің экономикалық тараулары агрессия құрбандарына: Кеңестер Одағына, Албания, Грекия, Югославия, Чехословакия және Эфиопияға репарация төлеуді қарастырды.

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:

      1. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңдегі халықаралық аренадағы саяси күштердің өзгеруі.

      2. Тегеран халықаралық мәслихатындағы қарастырылған мәселелерді атаңыз.

      3. Ялта халықаралық мәслихатының шешімдеріне сараптама жасаңыз.

      4. Потсдам халықаралық мәслихатындағы герман мәселесі.

      5. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі отар мәселесінің шешілуі.

      2-тарау

      АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫ (1945-2009 ж.)

      Екінші дүниежүзілік соғыста АҚШ аса зор зардапқа тап болған жоқ, дегенмен, 300 мыңға жуық адамы қаза болды. Сонымен қатар, соғыс америкалық экономиканың дамуына ықпал етті. Соғыс жылдарында АҚШ-тың өндірістік қуаттылығы екі есе күшейді, ал экспорты бес есеге өскен болатын.

      Екінші дүниежүзілік соғыстан АҚШ мемлекеті өзінің экономикасы жағынан күшейіп шыға отырып, капиталистік әлемнің басты елдерінің біріне айналды. Капиталистік әлем экономикасындағы АҚШ өнеркәсібінің СКАЧАТЬ