Сыр өңірі қазақтары. Тарихи-этнографиялық зерттеу (ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басы). 1-том. Тәттігүл Картаева
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Сыр өңірі қазақтары. Тарихи-этнографиялық зерттеу (ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басы). 1-том - Тәттігүл Картаева страница

СКАЧАТЬ раторского Русского географического общества. Оренбург.

      ИЗСОРГО – Издание Западно-Сибирского отделения русского географического общества. Санкт-Петербург.

      ИОАИЭ – Известия Общество археологии, истории и этнографии при Императорском Казанском университете. Казань.

      ҚРМОМ – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі.

      ҚРОММ – Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаты.

      ҚРОМКДМ – Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар және дыбыс жазбалар мұрағаты.

      МВ – Московские Ведомости. Москва.

      МКЗ – Материалы по киргизскому землепользованию. Ташкент, Оренбург, Воронеж.

      МСб – Морской сборник. Санкт-Петербург (1848-1917), Москва (1917-)

      МСТК – Материалы для статистики Туркестанского края. Санкт-Петербург.

      ОЛ – Оренбургский листок. Оренбург.

      ПТКЛА – Протоколы Туркестанского кружка любителей археологии. Ташкент.

      РВ – Русский Вестник. Москва (1856-1887), Санкт-Петербург (1887-1906).

      РИ – Русский инвалид. Москва.

      РМ – Русская мысль. Москва.

      СГ – Самаркандская газета. Самарканд.

      СК – Советская Киргизия. Оренбург.

      СЛ – Степной листок.

      СП – Сибирская природа. Омск.

      СПВ – Санкт-Петербургский вестник. Санкт-Петербург.

      СЭ – Советская этнография. Москва.

      ТВ – Туркестанские ведомости. Ташкент.

      ТИИАНКазССР – Труды Института истории Академии Наук КазССР. Алматы.

      ТС – Туркестанский сборник. Ташкент.

      ЭО – Этнографическое обозрение. Москва.

      КІРІСПЕ

      Біз зерттеу нысанасына ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың бас кезіндегі Сырдария өзенінің төменгі ағысы бойындағы Перовск және Қазалы уезі қазақтарын негізге алып отырмыз. Перовск және Қазалы уезі қазіргі Қызылорда облысының аймағы және «Сыр өңірі» деген шартты атау Сырдың төменгі ағысы бойында орналасқан Қызылорда облысы өңіріне, «Сыр өңірі қазақтары» атауы осы облысты мекендейтін қазақтарға қатысты қолданылады. Сырдарияның төменгі ағысы өңірі Арал теңізінің шығыс, солтүстік-шығыс жағалауымен шектеседі.

      Қазақ халқының әртүрлі өңірлерде аймақтық ерекшеліктерге қарай қалыптасқан тарихи мәдениеті, ру-тайпалық құрамы мен дәстүрлі шаруашылықты жүргізу ерекшеліктері, материалдық және рухани мәдениеті аса күрделі ғылыми зерттеулер қатарына жатады. Осыған байланысты қазақ халқының бір аймақтағы сан ғасырлық тарихы, олардың қоныстану тарихы мен олардың этностық құрамы, саны, тұрмысы, дәстүрлі шаруашылығы, қоғамдық қатынастары, материалдық мәдениеті, соның ішінде баспанасы, тұрмыстық бұйымдары, киім-кешектері, тағамдар жүйесі, рухани мәдениеті, яғни отбасылық әдет-ғұрыптары, халықтық білімдер жүйесі, наным-сенімдері, некелесуге, өлікті жөнелтуге қатысты жосын-жоралғылары қамтылады. Осы өңірдің аймақтық ерекшелігін көрсететін байырғы этнографиялық ұғымдар мен категорияларды жинақтап, бір арнаға тоғыстырып жүйелеу, осыған орай жергілікті этнографиялық сөздерді жинау, яғни тіл ерекшеліктері сияқты іргелі тақырыптарды ғылыми тұрғыда зерделеу маңызды шара болып табылады.

      Бүгінгі ғылым тарихымызды ұлттық мүдде мен еліміздің ізгілікке, елдікке ұмтылуының үздіксіз процесі, өткені мен бүгінгісінің сабақтасып, астасып халық жадында жаңаруы тұрғысынан қарастыруды талап етеді. Әсіресе жекелеген аймақ қазақтарының этносаяси, этномәдени, этношаруашылық, әлеуметтік-демографиялық тенденцияларны ғылыми біртұтас зерттеу, яғни қазақ жерінің әр аймағында өмір сүрген қазақтардың аймақтық ерекшеліктерін негізге алып, тарихи этнографияны ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық игеру отандық этнология ғылымында басты орынға шығып отыр.

      Көшпелі шаруашылықтан жартылай отырықшылыққа ауысу кезеңіндегі ірі бетбұрыстар Қазақстанның әр аймағында қалыптасқан шаруашылық дәстүріне қарай әрқилы өтті. Біздің басты мақсатымыз осы тарихи бетбұрыстың Сыр өңірі қазақтарына әсерінің қаншалықты болғандығын анықтау.

      Біз «Сыр өңірі» деп алып отырған аймақтағы «Сыр өңірі қазақтары» ХVIII ғасыр жазба деректерінде аралдықтар, XIX ғасырдың 1-жартысы мен орта кезіндегі жазба деректерде түркістандықтар, орынборлықтар деген атаулармен кездеседі. Бұл үш категориялық жіктеудің барлығын да назарға алуға болады әрі былайша географиялық классификациялаудың тарихи негізі де бар. «Аралдықтар» атауы Сырдарияның Арал теңізіне құюы, Арал теңізінің Сыр өңіріндегі бірден-бір ірі табиғи су көзі болып, халықтың сол теңіз айналасына шоғырлануымен байланысты. Қазақ даласында жүргізілген Ресей патшасының басқару ережелері Сыр өңірін де қамтып, Сыр қазақтары СКАЧАТЬ