Название: Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап
Автор: Қанат Жойқынбектегі
Издательство: Издательские решения
Жанр: Историческая литература
isbn: 9785005549501
isbn:
– Сонда мұсылман дінінде бір ұйымдастырушы күш болған дейсіз бе?
– Сөзсіз сондай күш болды. Соны бұзған Шыңғысханның ұрпақтары екені де даусыз. Олар халықты тек соғыста пайдаланды. Одан басқа халыққа ешқандай пайдасы болған жоқ. Сол мұсылман дінінің қағидасымен жүре бергенде түрік халықтарынын мұндай бөлектенуі болмас еді. Бәрінде бір-ақ тіл болатын еді. Анау Қытай тәрізді үлкен мемлекет болатын едік, онда ешкімнің тісі батпас еді. Монғолдардан шыққан хандарға қарсы орыстар дұрыс саясат жүргізді. Бөлектеніп кеткен түріктерді бірден басып алып жатыр. Күшті күштілігін жасайды, оған да қарсы емеспін. Ең жаманы қазақтардың жерін тартып алып жатыр. Ана хан тұқымы Кенесарыны өз жерінен айдап шығып өлтірді. Бұл күштіліктің белгісі. Ешқашан бір халық бір халықты күшпен бағындыра алмайды. Бұл арада тепе-теңдік туғызатын саясат керек. Сыйласу керек. Керісінше патша өкіметі күш пайдаланып отыр. Жергілікті халықтан сұрамай, орыстарды қоныстандыруы елдің ашу-ызасын тудырып, іштей қарсылығын күшейтуде.
– Сіз Кенесарыны өлтірген патша әскерлері деп білесіз бе? Оны өлтірген сіздердің туыстарыңыз, киргиздар ғой.
– Ешқашан қырғыздардың қазаққа тісі бата алмас еді. Орыстар оларды айдап салды бізге. Өз бетімен келіп қырғыздар қазақтарға тимейді.
– Ал біздің баспасөзде Кенесарыны өлтірген қырғыздар екенін жазып жүр ғой.
– Бұл шындықты шатастыру болып отыр. Өздерін қазақтар алдында ақ етіп көрсеткісі келеді. Төрелердің де, қазақтардың да ақылдылары бәрін ұйымдастырған орыстар екенін біліп отыр. Бұл әдейі екі халықты бірімен бірін араздастыру үшін жасалып отырған саясат. Қазақтар мен қырғыздар жауласып отырса бұл орыс үшін пайдалы. Менің бұл айтқаныма, Петр Константинович, қалай қарайсыз?
– Сіз шыныңызды айтыңызшы, орыстардың бұл жаққа келгеніне қарсысыз ба?
Шоң Карповтың СКАЧАТЬ