Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап. Қанат Жойқынбектегі
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап - Қанат Жойқынбектегі страница 29

СКАЧАТЬ жеті атаға дейін әйел алмайды. Мұндай қасиет сондай күдіктен туған болар.

      – Қазақтардың онда медицинадан түсінігі мол екен.

      – Ол жағын білмеймін. Егер бір рудың адамы өз руынан әйел алса, оны қазақтар өлім жазасына бұйырады. Бұл дәстүрге айналған.

      – Бұл жайдан жай емес. Ондайлар тұқым қуалаушылық ауруына жол бермеу үшін жасалған болуы керек.

      Бір сұрақтан соң келесісі туындай берген.

      – Шоң Телкозинович, мені мазалап жүрген бір сұрақ бар. Осы Шыңғысхан монғол ма, әлде қыпшақ па?

      – Жалпы, сол Шыңғысханның өзі де кім екенін білмеуі мүмкін. Бала кезінде сол монғолдардың арасында өсіп, тілі монғолша шығып, өзін монғолмын деп кетуі де ғажап емес. Сол кісі монғолдармен көрші отырған түрік тілдес халықтардың біреуінен болуы да мүмкін. Бірақ тура ашып айта алмаймын.

      Оның бірінші әйелі монғол емес, сол маңда тұрған түрік тілдес халықтың бірінен шыққан. Бұдан кейін де Шыңғысхан бірнеше әйел алған. Бірақ біреуінің балаларын да ел билігіне жібермеген. Сол бірінші әйелі Бөртеден төрт бала туған. Әйелінің есімі қазаққа келеді. Бөрте түрік сөзі. Біздің шежірелердің айтуына қарағанда, сол кісі ақылды әйел болғанға ұқсайды. Көрші тайпалар ұрлап алып кетіп, біраз әйел етіп, кайтып келген соң одан бас тартпай, қайта алған Шынғысхан. Ол соның ақылына бас ұрған сияқты. Сол кісінін айтқанын орындаған тәрізді. Содан туған төрт баланың ұрпақтары бертін келе жаулап алған жерлерінде билік жүргізді. Оның ұрпақтары Абылай, Кенесары – сол хан тұқымынан тараған адамдар. Қазақтар соларды қолдап, оларды төре атап, қадыр тұтып, олардың сөзін тыңдап, соларға бағынған. Айтқанын жасаған. Бұл бізде төрелерді тындау әбден қанымызға сіңіп қалған әдет. Мен байқаймын, орыстар келгелі төрелердің беделі түсіп қалған сияқты. Патша солардың халық алдындағы беделін әдейі түсіріп отырғанға ұқсайды. Оны қазір қара қазақ атанып жүрген біздер де түсіне бастадық. Патша адамдары бұрын төрелерді тындап, қазақтарды адамға санамайтын. Казір ол өзгере бастаған тәрізді. Мен соны байқап жүрмін. Төрелерге суық қарап, киргиздарды өзіне тартатын сияқты.

      – Бұл саясат қой. Қазақтар алдында төрелердің беделін түсіріп, орыс беделін өсіру ғой.

      – Дұрыс айтасыз, мен де солай ұғамын. Петр Константинович, ол сөзде шындық бар. Қыпшақтардан монғолдар күшті емес. Шыңғысхан саясаты арқасында үш жүз жылдан астам орыстарға, төрт жүз жылға жуық қазақтарға билік жүргізді. Ел басқарушы ақылды адамдар болмағандықтан қыпшақтар пәлен ғасыр монғолдарға тәуелді болып қалды. Мен сізге қыпшақ ханы Қайыпхан жайында айттым ғой. Тағы да еске саламын, егер оның саясаты дұрыс болғанда казіргі тарих басқаша болар еді. Бірақ оның ақылы Шыңғысханнан артық болмады. Содан барып ол барлық қыпшақтарды өз жағына тарта алды. Қыпшақтар өз билігін жоғалтты. Қыпшақтарды қыпшақтар құртты.

      Шыңғысхан, менің пайымдауымша, керемет ақылды болған сияқты. Алдағы мың жылын ойлап кеткен адам. Оның қай жерге жерленгенін ешкім осы уақытқа дейін білмейді. Кейбір сәуегей төрелер айтады, ол бізге аспаннан қарап тұр дейді. Ұрпақтарына жөн сілтеп тұратынын айтады. Әрине, бұл жалған. Ол шындық болса, Кенесарыға СКАЧАТЬ