Название: Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап
Автор: Қанат Жойқынбектегі
Издательство: Издательские решения
Жанр: Историческая литература
isbn: 9785005549501
isbn:
– Мұндай асығыс пошта келгенде бүкіл денеңді жақсылап тұрып байлап ал. Мына пошта тасып жүрген орыстар сүйтетін. Мен оны көргемін. Сонда шаршамайсың. Денеде күш сақталады.
Дегенмен, Жойқынбек бұл жұмысқа шыдай алмайтын шығармын деп ойлаған.
– Бұрын менің орнымда кім істеді?
– Бұрын бұл жұмысты орыстардың өздері істегенін айттым ғой. Енді бізге, қазақтарға сенген тәрізді. Сонсоң маған жүктеп отыр ғой. – Шоң Жойқынбектің пошта жұмысының ауыр екенін біліп қалғанын сезді. Ертеңгі күні мына жұмыс ауыр екен деп Жойқынбек шығып кетсе өзіне де ұят болатынын Шоң білді. Басқа емес, әкесінің өзі кінәлайтынын білді. Содан кейін сөз бастаған:
– Ақтау мен Ақмола арасында төрт бекет болатын. Олардың әрқайсысында бір-бір адамдар болатын. Соларды қысқартып отыр. Маған тапсырды. Екеумізге ұят болмау үшін сен дұрыстап істе.
Жойқынбек бір жағынан істемей жатып жұмысты тастап кетуді намыс көрді. Және төлейтін ақшасы да көнілінен шығып тұрған болатын. Ақыры шыдауға бел байлады.
Кейін асығыс пошта күн сайын бола бермейтінін байқады. Кейде пошта он күндеп Ақтау жатқан келмейтін. Келсе асығыс емес, араға екі-үш күн қонып жүруіне болатын пошталар еді. Жаңа тірлікке Жойқынбек үйрене бастады. Шоң да мазалай бермейтін. Көбіне салт атпен жүретін.
Бірде жанжал шығарып, Телқозы Жойқынбекке тиісті бір қойын бермей қойған еді. Шоңмен әкесінің арасында реніш туындап қалған, соған байланысты. Телқозы айтқан еді:
– Бұл саған ешқандай қызмет істеп жүрген жоқ. Мен айтқан қойыңды бермеймін, ояздың беретін ақшасы жетіп жатыр.
Өйткені, Телқозы Елгелділерге ызалы еді. Шоң әкесінің мына қылығына ренжіп қалып:
– Әуелгі келісім солай. Телқозы, онымыз ұят болады. Сен тиесілі қойды бермесең, мен ақылай беремін.
– Сонда қанша ақша бересің?
– Айына бес рубль береді ояз. Ал бір қой үшін өз қалтамнан айына екі сом беремін.
Мына сөзді естіп Телқозы жаман ашуланды.
– Сенің айтып тұрғаның не?
– Тәртіп солай, басында мұнымен екі сомға келіскенмін. Оны бұза алмаймын. Ұят болады. Оның үстіне менің мініп жүрген атымды баптап отырады. Бір жерге барарда ерттеп дайын етіп қояды.
Телқозы бұдан кейін тиісті қойын беріп тұрды. СКАЧАТЬ