Ежелгі жəне орта ғасырлардағы түркі тайпалары мен Иранның мəдени, саяси қарым-қатынастары. Жомарт Жеңіс
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Ежелгі жəне орта ғасырлардағы түркі тайпалары мен Иранның мəдени, саяси қарым-қатынастары - Жомарт Жеңіс страница 9

СКАЧАТЬ ол Константинопольға Тағма тархан бастаған түркі елшілігімен келді. Түркілер мен византиялықтар осы кездесулерде Иранға қарсы бірігіп соғысуға келісті. Дегенмен түркілердің дайындығына қарамастан византиялықтар соғыс әрекеттерін кешіктіре берді.

      576 жылы византиялықтар ақыры Иранмен соғысып, түркі көмегін аса қатты сезінді. Валентинус бастаған елшілік Жайық маңында Тұр шадпен кездесті. Тұр шад елшіні империяның екіжүзділігі үшін ұрысты. Сөзден іске көшкен Тұр шад Қырым мен Босфорды жаулап алды. Түркілер Византияға қарсы соғысты одан әрі жалғастырып, Кавказдағы империя иелігі Лазикаға кірді.

      Византия иелігін түркілердің одан әрі жаулап алуы 582 жылдан 593 жылға дейін көк түріктер арасында орын алған азаматтық соғысының етек алуына орай тоқтап қалды. Тек 588-589 жылдары ғана византиялықтар түркілермен көптен күткен одаққа қол жеткізді. Бірақ ирандықтар Герат түбінде түркілерге соққы беріп, түркілерді соғыстан шығарып тастады.

      598 жылы император Маврикийге түркі елшілігі келіп, өздерінің парсыларға қарсы әскери одаққа дайын екендіктерін білдірді. Түркілерге қарсы угор тайпалары көтеріліп, аварларға барып қосылды. Түркілер біртіндеп әлсірей бастады.

      Осы тартыстан Иран да шет қалмай, 626 жылы Сирия, Палестина, Мысырды жаулап алды. Славян-авар күштерi империя астанасы Константинопольды қоршады. Бiрақ 628 жылы Ираклии патша Ираннан бұрынғы жерлерiн қайтарып алды. Осы кезде әлсiреген Иран империямен алысуға шамасы келмедi. Ирандағы идеялық тығырықты пайдаланған жаңа, ислам дүниетанымымен қаруланған арабтар тарих сахнасына шықты. 634 жылы арабтар Сирияны, 638 жылы Антиохияны, Месопотамияны, Арменияны, VII ғасырдың соңына қарай Солтүстiк Африканы алды. Арабтар жаулап алулары бұл жерлерде феодалдық қатынастарды жеделдеттi. Ал империя болса христиандық идеологияның дағдарысын бастан кешiп, құлдырау үстiне құлдырай бердi. Шiркеу дағдарысқа ұшырады.

      Бақылау сұрақтары:

      1. Зороастризм дінінің Иран-Тұран қарым-қатынасындағы маңызы қандай болды?

      2. Сасанилер билігі тұсында Түркі қағанаты мен ирандықтардың қарым-қатынасы қандай болды?

      3. «Жібек жолының» Византия – Түркі қағанаты – Иран қатынасындағы рөлін сипаттаңыз.

      1.3. «Шахнаме» дастанындағы Тұран мен Иран

      Фердаусидiң орта парсы тiлiнде жазылған «Шахнаменің» толық мәтiнi 1999 жылы Қатре баспасынан (Иран) 1367 бет болып алтыншы рет басылып шықты. Иран әдебиетi мен тарихының керемет үлгiсi «Шахнаме» (патшалар кiтабы) жырының авторы Әбiлқасым Фердаусидiң «Шахнамедегi» автордың келтiрген түркiлер мен Тұранға қатысты мәлiметтердi түркi тарихын зерттеуде пайдаланудың едәуiр қиыншылықтары бар. Әсiресе осы мәлiметтер арқылы түркi тарихын хронологиялық тұрғыда жүйелеп көрсету өте қиын. Тiптi жырдағы түркi билеушiлерiнiң есiмдерi бiр ғана жиынтық түрде, тек Афрасиаб есiмiмен берiлген. Дегенмен оқырмандардың өздерiне керектi мәлiметтердi жырда келтiрiлген оқиғалармен салыстыра СКАЧАТЬ