Название: Ежелгі Қазақстан тарихы пәні бойынша семинар сабақтарына арналған оқуәдістемелік нұсқаулық
Автор: Т. Омарбеков
Издательство: КазНУ
Жанр: История
isbn: 978-601-04-2466
isbn:
Әдебиеттер:
1 Қазақстан тарихы көне замандардан бүгінгі күнге дейін. 5-томдық. – Т.1. – Алматы, 1996.
Әдістемелік нұсқау: Ежелгі тас дәуірі кезеңіндегі Қазақстан туралы проблеималардың көлемімен, бағыттарымен танысу үшін аталған әдебиеттің 1-бөлімімен (68-81 бб) толық танысып шығу қажет.
2 Алпысбаев Х.А. Памятники нижнего палеолита Южного Казахстана. – Алма-Ата, 1979.
Әдістемелік нұсқау: Оңтүстік Қазақстандағы тас ғасыры ескерткіштерінің басым көпшілігін Х.А.Алпысбаев ашқан. Ол 1957 жылдан бастап өмірінің соңына дейін Қаратау жотасы мен бүкіл Оңтүстік Қазақстан территориясының тас ғасыр ескерткіштерін зерттеумен айналысты. Х.А.Алпысбаевтың қажымас еңбегінің арқасында бүкіл әлем Қазақстан территориясында да ежелгі адамдардың мекендегенін білді.Өз зерттеулерінің қортындыларын Х.А.Алпысбаев көптеген ғылыми жинақтарда мақала етіп басып шығарды. Өзі қайтыс болғаннан кейін, 1979 жылы жарық көрген монография және басқа да мақалалары ғалымның көп жылғы қажырлы еңбегінің қортындысы болды. Х. А. Алпысбаевтың Қазақстан – ежелгі адамдардың таралуының солтүстік ошағы болуы мүмкін деген болжамының соңғы жылдары жүргізілген археологиялық зерттеулер нәтижесімен салыстыр керек.
3 Таймагамбетов Ж.К. палеолитическая стоянка им. Ч.Валиханова. – Алматы, 1990.
Әдістемелік нұсқау: Қазақстандық танымал ғалым Ж. Таймағамбетовтың зертеулері нәтижесінде Қаратау жотасының оңтүстік-батыс баурайлары мен Сырдария өзені алқабының арасындағы таулы жазықтықтан Евразия территориясында теңдесі жоқ жаңа “травертиналық” үлгідегі ескерткіштер табылып отыр. Бұл ескерткіштер Қазақстан археологиясында қалыптасқан тас ғасыр хронологисына өзгерістер енгізу мүмкін. Осы ескерткіштердің табылуына байланысты Қазақстанның ежелгі адамдардың мекеніне айналу датасына байланысты тың тұжырамдар ұсынған. Ескерткіштердің басым көпшілігі Қаратау жотасында орналасқан Тянь-Шань тауларының батыс бөлігі болып табылатын Қаратау жотасы екі аймақты – Орта Азияның құмды даласы мен Бетпақдаланың саздақты даласы шектеп, бөліп тұр.Климаты жағынан Қаратау жотасының жағдайы ежелгі адамдардың мекендеуіне ерекше қолайлы болған. сондықтан, соңғы зертетулер нәтижесі болып СКАЧАТЬ