Ежелгі Қазақстан тарихы пәні бойынша семинар сабақтарына арналған оқуәдістемелік нұсқаулық. Т. Омарбеков
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Ежелгі Қазақстан тарихы пәні бойынша семинар сабақтарына арналған оқуәдістемелік нұсқаулық - Т. Омарбеков страница 2

СКАЧАТЬ мәселе бойынша соңғы жартыжылдықта түскен жаңа басалымдарды табуға көмектеседі. сондықтан, семинар сабағына дайындалу барасында үнемі жаңы басылымдарды қарастырып отыру маңызды.

      қазіргі таңда барлық кітапханалар электронды қызмет көрсету жүйесіне көшкендіктен жоғарыда аталған каталог түрлерін электронды нұсқасында тез әрі тиімді пайдалануға болады. сонымен қатар, библиографиялық ізденістік жаңа формасы берілген проблема бойынша мәліметтердің электронды базасымен іздеп тауып, танысу болып табылады.

Студенттің кез-келген тақырып бойынша сөз сөйлеуіне қойылатын жалпы талаптар төмендегідей:

      – баяндаманың алдыңғы тақырыпппен немесе сұрақтпен байланысы;

      – мәселенің мәнін ашу;

      – мәселенің ғылыми, кәсіби және практикалық қызметтегі методологиялық мәніметодологическое маңызы.

      әрине, студент кез-келген семинар сабағында сөз-сөйлегенде дәл осы тәртіпті қатал ұстануы қажет емес, дегенмен аталған сұрақтардың барлық қырлары ашылуы керек.

      Семинарға қатысушылар келтірген фактілер мен мысалдар пәннің мазмұнына сәйкес, талқыланып отырған сқраққа тікелей қатысты болуы тиіс. Студенттік сөзі логика талаптарына сәйкес болуы тиіс. сұрақты нақты, әрі дәл баяндау, аталған мәселеге қатысты ғана нақты деректер мен зертттеулер,е фактілер мен матариалдарға ғана құрылуы тиіс. келтірілген аргументтредің жеткілікті болуы, қажетті ғылыми терминдерді, түсініктерді дұрыс қолдана білуі шарт.

СЕМИНАР САБАҚТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ДАЙЫНДАЛУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЛАР

      Семинар 1. Тақырыбы: Ежелгі Қазақстан тарихы бойынша деректер

Негізгі сұрақтар:

      1 Көне парсы тіліндегі дерекер мен ортаңғы Иран ескерткіштері

      2 Ежелгі Қазақстан тарихына қатысты анитика тарихнамасы

      3 Қытай деректері және олардың зерттелуі

      4 Араб-парсы тіліндегі жазба деректердің маңызы

      5 Археологиялық деректер: археорлогиялық проблемалар және оларды зерттеу

      Семинар сабағының мақсаты: Ежелгі Қазақстан тарихы бойынша деректер көлемімен, олардың деректік ерекшеліктерімен таныса отырып, оларды нақты тарихи оқиғалар мен үдерістер бойынша тарихи дерек ретіндегі талдау, оқу үдерісі мен ғылыми жұмыстарда пайдалана білу дағдысын қалыптасыру.

Семинар сабағын өз бетінше орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар:

      Сабақ өту формасы: жоғарыда берілген семинар тақырыбының жоспары бойынша кеңейтілген талқылау.

      Семинар сабағына дайындалу бойынша қойылатын талаптар: Семинар сабақтарына дайындалу барысында әрбір тапсырма бойынша берілген нақты әдебиеттермен танысу, жазба деректердің сипаттамасы, авторы, дерек ретіндегі ерекшелігі және зерттелу деңгейі бойынша материалдарды конспектілеу міндетті.

      Фактологиялық мәліметтерді баяндаумен қатар, дерек авторлары мен еңбекті дерек ретінде зерттеген ғалымдардың ғылыми бағыттарын, ұстанған концепциялары мен тарихи көзқарастарын анықтау, олардың СКАЧАТЬ