Тәуекелді басқару. Гүлмира Нұрсейтова
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Тәуекелді басқару - Гүлмира Нұрсейтова страница 8

СКАЧАТЬ тәуекелдер және тәуекел менеджер оларды басқару бойынша кідіріссіз шаралар қабылдауы қажет.

      Болашақ (перспективті) тәуекелдер – бұл жақын уақытта пайда болатын тәуекел түрлері, тәуекел менеджер бұл тәуекелдерден арылу немесе оның деңгейін төмендету үшін қажетті шараларды қарастыруы тиіс. Пайда болу факторлары бойынша тәуекелдер саяси және экономикалық түрлерге бөлінеді.

      4-cурет. Пайда болу факторы бойынша тәуекел түрлері

      Саяси тәуекелдер – елдегі саяси өзгерістерге байланысты пайда болатын тәуекелдер. Олар кәсіпкерлік қызметке кері әсерін тигізеді. Бұл тәуекел түрлерінің туындау себептері елдегі соғыс жағдайына, шекаралардың жабылуына, тауарларды экспорттау мен импорттауға шектеулердің қойылуы және т.б. байланысты.

      Экономикалық тәуекелдер – бұл ел экономикасынемесе кәсіпорын экономикасындағы туындаған қолайсыз жағдайларға байланысты пайда болатын тәуекелдер. Тәуекелдің туындау себептері: нарық конъюнктурасының өзгеруі, әлсіз басқару және т.б.

      Есепке алу сипаты бойынша сыртқы және ішкі тәуекел түрлерін бөліп көрсетуге болады.

      Сыртқы тәуекелдер – компанияның қызметімен байланыссыз, бірақ оның дамуына әсерін тигізетін тәуекелдер. Тәуекелдер сырқы факторлардың әсерінен туындайды, оларға: саяси, экономикалық, демографиялық, әлеуметтік, табиғи, техногендік және т.б. жатады.

      Ішкі тәуекелдер – компанияның қызметімен тікелей байланысты тәуекелдер. Тәуекелдер ішкі факторлардың әсерінен туындайды, оларға әлсіз басқару, еңбек өнімділігінің төмен деңгейі, әлсіз техникалық жабдықтау, қызметкерлердің төмен біліктілігі, нашар еңбек шарттары және т.б. жатады.

      5-сурет. Есепке алу сипаты бойынша тәуекел түрлері

      Салдар сипаты бойынша тәуекелдер таза және спекулятивті болып бөлінеді.

      6-сурет. Салдар сипатына байланысты тәуекел түрлері

      Таза тәуекелдер теріс немесе нөлдік нәтиже алу мүмкіндігін білдіреді. Таза тәуекелдер туындауының негізгі себептері: табиғи апаттар, соғыстар, жазатайым оқиғалар, қылмыстық әрекеттер, т.б.

      Спекулятивті тәуекелдер теріс және оң нәтиже алу мүмкіндігімен сипатталады. Спекулятивті тәуекелдер туындауының негізгі себептері: нарық жағдайының өзгеруі, валюта бағамының өзгеруі, заңдар мен нормативтердің өзгеруі және т.б.

      Пайда болу саласы бойынша тәуекелдер келесі түрлерге бөлінеді:

      – өндірістік;

      – коммерциялық;

      – қаржылық;

      – сақтандыру.

      7-сурет. Пайда болу саласы бойынша тәуекел түрлері

      Өндірістік тәуекелдер – әртүрлі факторлар әсерінен өндірістің тоқтатылу салдарынан болатын шығындармен және ең алдымен, негізгі және айналым қаражаттарын жоғалтумен байланысты тәуекелдер, сонымен қатар өндіріске жаңа техника мен технологияны ендіруге қатысты тәуекелдер. Бұл тәуекелдердің туындауының негізгі себептері: өндіріс көлемінің төмендеуі, шығындардың СКАЧАТЬ