Тәуекелді басқару. Гүлмира Нұрсейтова
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Тәуекелді басқару - Гүлмира Нұрсейтова страница 6

СКАЧАТЬ мен қағидаларын әзірлеп, олардың шынайылығын тестілеу қажет. Бұл әдістің негізі кәсіпорында қолданған бағалау және тәуекелді болжау әдістері қандай нәтижеге әкелгенін ағымдағы әдіспен салыстыру. Мұндай талдау негізінде кәсіпорында құрылған жүйенің тиімділігін анықтау болып табылады.

      4. Тәуекелдің кері әсерін барынша төмендету және пайда болуының алдын алу үшін тәуекелді басқару жүйесі әзірленеді. Бөлімшелердің қиын жағдай туындағандағы әрекеттеріне қатысты дағдарыстық сценарийлер алгоритмі құрылады. Тәуекел-менеджменті мен дағдарыс-менеджменті өзара байланысқан және келісілген болып келеді.

      5. Кәсіпорында тәуекелді басқаруды енгізе отырып, туындаған өзгерістер мен нәтижелерді анықтап, талдау жүргізіп отыру керек.

      Тәуекелді басқару кәсіпорынның басқару үдерісін ұйымдастырудың сонымен қатар барлық салада шешімдер қабылдау үшін қажет элементтердің бірі болып табылады.

      Тәуекелді жіктеудің көптеген әдістері бар. Кәсіпорын өзіне сай әдісті өз қызмет ету аясы тұрғысында тәуекелдің ерекшелігін және олардың пайда болу себептерін ескере отырып таңдайды.

      Компанияның табыстылығы тәуекелді тиімді басқаруға да тығыз байланысты, сондықтан кәсіпкерге біліктілігі жоғары тәуекел менеджермен жұмыс істеген жөн. Тәуекел менеджер өз кезегінде тәуекелді басқарудың келесідей негізгі ережелерін жетік білуі тиіс:

      1. Өзіндік капиталдан асатын көлемдегі тәуекелге баруға болмайды.

      2. Тәуекелдің салдары жайлы ойлану керек.

      3. Аз пайда үшін көп шығын етудің қажеті жоқ.

      4. Күмән болған жағдайда теріс шешім қабылданады.

      5. Бір ғана шешім бар деп ойлауға болмайды, кез келген жағдайда балама шешім болуы мүмкін.

      Өкінішке орай, көп компанияларда тәуекелді басқару қағидалары мен негізгі ережелері сақталмайды.

Бақылау сұрақтары:

      1. Тәуекелді басқару бөлімі қандай міндеттерді атқарады?

      2. Тәуекелді басқару міндетін қалай түсінесіз?

      3. Тәуекелді басқарудың қандай мақсаттарын білесіз?

      4. Тәуекелді басқарудың қандай қағидалары бар?

      5. Тәуекел менеджер қандай ережелерді сақтауы қажет?

      1.4. Кәсіпкерлік қызметіндегі тәуекел мен белгісіздік

      Басқарудың барлық деңгейінде, әсіресе инновациялық кәсіпкерлік пен инновациялық менеджментте шешім қабылдау үдерісінде әрдайым белгісіздік орын алады.

      Белгісіздік – жағдайдың түсініксіздігі, инновациялық іс-әрекеттер туралы ақпараттың жеткіліксіздігі және дәлсіздігі. Белгісіздік сыртқы ортадағы өзгерістерге, сонымен қатар халықаралық, жергілікті нарықтардың тұрақсыздығына байланысты туындайды және мынадай формаларда анықталады:

      – экономикалық орта туралы ақпараттардың нақты және толық болмауы салдарынан жүзеге асырылатын іс-әрекеттердің болашақта болжанатын нәтижесі СКАЧАТЬ