Тауарлар мен капиталдың халықаралық қозғалысы. Оқу құралы. Әсемгүл Бекмухаметова
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Тауарлар мен капиталдың халықаралық қозғалысы. Оқу құралы - Әсемгүл Бекмухаметова страница 3

СКАЧАТЬ тиімді өндіріс орындарын ұнымдастыруы керек.

      Осыған байланысты бір елдерде шетелдік капитал ағыны пайда болады да, екіншілері өздеріне неғұрлым тиімді капитал салу жолдарын іздейді. Капиталды қарыз немесе несие түрінде алуға болады. Бірақ оны уақыты келгенде пайыздық үстемемен қайтару қажет.

      Сонымен қатар өндіріске капиталды инвестиция ретінде тартуға болады, ал ондай капиталды қайтарудың қажеті жоқ. Инвесторлар тауарды сатқаннан кейін табыс табады (капиталды қайтару формасы) және мемлекетке салық ретінде пайда келтіреді (мемлекеттің таза табысының формасы).

      Егерде мемлекеттің нарықтық және инфроқұрылымдық жүйелері дамымаған болса, онда мұндай мемлекеттердің территориясына шетелдік капитал тарту қиынға соғады. Себебі инвесторлар өз елімен салыстырғанда пайданы аз шығынмен алуға бел байлайды. Сондықтан ең жақсы немесе тең шарттар келісімі бойынша салуға тырысады.

      Шетелдік инвесторлар өз қаражатын шетелге шығарар алдында капитал салымының тиімділігінің көрсеткіштеріне сүйенеді. Сол сияқты ұлттық экономикаға шетелдік инвестицияны қабылдау мәселелері салынатын қаржының тиімділігі мен капитал алушы елдің мүддесі тұрғысынан айқындалады.

      Инвестицияны жүзеге асыру кезінде байлықа деген сұраныс артады, ал игілік ұсынысы біраз уақыттан кейін, салынған инвестиция өңдірістің дамуына ықпал еткен кезден бастап пайда болады.

      Аталмыш пайымдауды мультипликатор құралдарының (инструменттері) көмегімен талдауға болады. Оның көрсеткіші экономиканың қандай да бір сыртқы әсерлерге сезімталдығының интегралды, сипаттамасы болып табылады.

      Мультипликаторлардың түрлі типтерінің ішіндегі неғұрлым әмбебап, әрі маңыздысы – инвестиция мультипликаторы, ол әрбір инвестициялық бірлікке шаққандағы барлық ішкі өнімнің өсу дәрежесін көрсетеді. Осындай қасиеттеріне байланысты инвестиция мультипликаторы іс жүзінде экономикалық дамудың жиынтық көрсеткіші болып табылады, ол капитал салымының ең жоғары өнімділігін айқындайды.

      Елдегі әлеуметтік экономикалық үдерістердің белгілі бір дәрежеде инвестицияның өсуіне ықпал ететінін ескерсек, инвестиция мультипликаторы ішкі өндірісті дамытуға байланысты экономиканың потенциалдық мүмкіндіктерін айқындайтынына көз жеткізуге болады.

      Сыртқы экономикалық қызметте экспорттық және импорттық операциялармен қоса сырттан капитал келтіру мен сыртқа капитал шығару операцияларын жүргізу арқылы тепе-теңдікке қол жеткізу мәселелерін классикалық, неоклассикалық және кейнсиандық концепциялар түрліше түсіндіреді.

      Жалпы экономикалық тепе-теңдіктің классикалық моделі классикалық концепцияның басты постулаттарына негізделеді. Классикалық мектеп принциптеріне сәйкес экономика бір-бірінен тәуелсіз екі секторға бөлінеді: ақша және шынайы экономика секторлары. Шынайы экономикада тауарлар мен қызметтердің шынайы ағынының қозғалысы жүріп жатады. Ақша экономикасында СКАЧАТЬ