Название: Қанатты сөз – қазына. 2-кітап
Автор: Кеңес Оразбекұлы
Издательство: Издательские решения
Жанр: Языкознание
isbn: 9785449889812
isbn:
Біреудің қулық-сұмдығына сеніп, алданып қалды. Өкініштен «қап» деп, санын соқты. Біреудің алдап соққан қақпанына түсті дегендей мағыналарды береді.
Күйек* – алжапқыш сияқты, бірақ одан анағұрлым кішілеу, қошқар-лардың жыныс мүшесін жауып тұратын мата жапқыш.
Тұтам* – бес саусақпен тұтқандағы көлемге шамалас, 4—5 еліге тең жуандық өлшемі.
АРҒЫМАҚ АТҚА КӨП МІНДІМ,
САДАҒА КЕТСІН БУДАННАН.
ЕР ЖІГІТПЕН ДОС БОЛДЫМ,
САДАҒА КЕТСІН ТУҒАННАН
Қарабайыр мен түркімен арғымағынан туған жылқыны будан деп атаған. «Арғымақ атқа көп міндім, садаға кетсін буданнан. Ер жігітпен дос болдым, садаға кетсін туғаннан», – деген атам қазақ. Өйткені, буданның бір түп жусан – азығы, бір түп жусан – қазығы. Будан ат екі түп жусанмен басыңды жаудан құтқарады. Ол күй таңдамайтын-дығымен, төзімділігімен, жүйріктігімен бағалы». (С. Шаухаманов. 31.31. 07. 2002.).
Бұл сөз тіркесі өзіміздікінен садаға кетсін немесе өзіміздікіне еш нәрсе жетпейді деген мәнде айтылады.
АРҒЫН АҒА БАЛАСЫ
«Қазақтың этноқұрылымдық жүйесінде қалыптасқан дәстүр бойынша, жүздік деңгейдегі ноқта ағалары: Ұлы жүзде – жалайыр, Орта жүзде – тарақты, Кіші жүзде – табын тайпалары. Дәл сол сияқты, аға балалары: Ұлы жүзде – ошақты, Орта жүзде – арғын, Кіші жүзде – әлім (қаракесек) тайпалары. Ал, қара шаңырақ иелері: Ұлы жүзде – албан, Орта жүзде – қыпшақ, Кіші жүзде – шөмекей тайпа-лары. Осындай мәртебелер рулық, аталық, әулеттік деңгейде де бар». (А. Сейдімбек, 93.143-144-б.).
Бүгінде мәні ескірсе де, бұл тіркестердің мән-мағыналарын ұғын-дыра кеткенді жөн көрдік.
Ноқта ағасы – ел ішінде жол, жөн бастауға құқылы деп, олардың орнын ерекшелеп, көтермелеп, арнайы сый-сияпаттар көрсетіп отырған.
Оған С. Мұқановтың мына түсіндірмесі дәлел: «Ат басына ауыз-дықсыз кигізілетін тұрман – ноқта. Оған шылбыр бау ғана… тағылады да, тоқтағанда, атты онымен байлайды. Қазақта (ноқта ағасы» – үлкен, басшы мағынасында қолданылады. Олай дейтіні, көне заманда әке балаларына енші бергенде, көш алдында жүретін ноқталы түйені үлкен ұл жетектеген.
Содан «ноқта ағасы» атанған». (С, Мұқанов, 77. 125-б.).
Аға баласы – үлкен (қара) шаңырақтың үлкен ұлынан тараған ұрпақ. Жасы үлкен-кішілігіне қарамай, жолы үлкен деп ерекше құрмет көрсетіп, көтермелеген.
Шаңырақ иелері – үлкен (қара) шаңырақтың кенже ұлынан тараған ұрпақ. Әдетте қара шаңырақ кенже ұлға мұраға қалған. Жасы үлкен-кішілігіне қарамай, келген кісі, қонақтар алдымен солардың үйіне түсіп, үлкен шаңырақ деп құрмет көрсетіп, дастарқандарынан дәм татуды міндет тұтқан.
АРҚАЛАНЫП СКАЧАТЬ