Қанатты сөз – қазына. 2-кітап. Кеңес Оразбекұлы
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қанатты сөз – қазына. 2-кітап - Кеңес Оразбекұлы страница 12

СКАЧАТЬ әшкерелегенде айтылады.

      Бір өкініштісі, Жанаш ата келтірген екінші тәмсілдегі мәнінен айырылып қалған.

      АЛТЫ САН АЛАШ

      «Сан. Сандық ұғым қазақ халқында ерте кезде тек мыңдыққа дейін ғана жақсы дамыған. Тұрмыс-тірлікте одан жоғары, күрделі сандарды қолданудың қажеті де шамалы болған. Сондықтан „миллион“, „миллиард“ сияқты терминдерді пайдаланбаған. Есеп мыңнан асқан жағдайда „түмен“ (туман) деген терминді қолданған. Бір түмен он мыңға тең. Ал егер есеп жүз мыңнан асса, „сан“ терминін пайдаланған. Бір сан – жүз мыңға тең болған. Тілімізде „Алты сан алаш“ деген тіркес бар. Ол қазіргі есеппен „алты жүз мың алаш“ дегенді білдіреді. Қазақтың ең көп есебі „мың сан“ болған, ол – жүз миллионға тең». (Д. Жүнісов, 9. 1—6.05.2014.).

      Ал, «алты сан алаш» деген тіркес көп сан халық, қазақтың құрамы көп, төрт көзіміз түгел деген мағыналарды білдіреді.

      АЛТЫ САН АЛАШ,

      ҚЫРЫҚ САН ҚЫРЫМ

      «Халық әдебиетінде ежелден келе жатқан „Он сан оймауыт, тоғыз сан – торғауыт, сегіз сан – сейілхан, жеті сан – жем (бойындағылар, келімсіктер), алты сан – Алаш, қырық сан – Қырым“ деген ұғымдар бар екендігі белгілі. Солардың шешуіне келсек: он сан оймауыт дегеніміз – ноғайлы елі, ноғай халқы, тоғыз сан торғауыт – қалмақтар, сегіз сан сейілхан – сегіз арыс түрікпен халқы, алты сан Алаш – қазақ халқы. Мұның кейде Түрік ханнан тараған алты халық мағынасын беретіні бар. Осылардың бәрі жиналып, кезінде қырық сан қырым аталған. Қырымымыз – қазіргі Қырым түбегі. Демек, Қырым ерте замандарда аталмыш елдердің бәрінің орталығы болғанға ұқсайды. Соңында қырық сан халық бөлініп-бөлініп, әрбір ұлт, әр ел өз алдарына енші алып кеткен деген жорамал бар». (М. Жаданов, 9. 1.10.1993.)

      «Ақ Орда құрамына кірген тайпалардың ішіндегі алты арыс ел – қыпшақ, жалайыр, найман, қоңырат, қаракесек (арғын), алшындар – Шыңғысханның батысқа жасаған жорығының алғашқы кезінде- ақ «алты сан алаш» деген атпен Жошы ұлысына енген. Жошы хан оларды үйсін Майқы би арқылы басқарған. «Алты сан алаштың ол кездегі қоныстанған жері – Алтай мен Каспий теңізінің аралығы, бір шеті Тобыл мен Сыр бойы, Жетісу өлкесі. 13-ғасырдың екінші жартысында бұлар одақ болған ізімен Алтын Ордадан бөлініп, Ақ Орда атты мемлекет болған». (М. Қани, 55. 209-б.).

      Бұл сөз тіркесі кейде «Алты алаш» деп те аталады. Алты алаш туралы ел аузында әр түрлі пікірлер айтылады. Оның бірінде бұл санатқа алты ұлтты кіргізсе, енді бірінде жоғарыда айтылғандай, қазақтың өз ішіндегі тайпалар бірлестігі жатқызылады. Солардың бір-екі варианты мынадай:

      а) 1.Қазақ. 2.Өзбек. 3.Қарақалпақ. 4.Башқұрт. 5.Ноғай. 6.Татар.

      ә) 1. Өзбек 2.Қазақ. 3. Ұйғыр. 4.Түрікпен. 5.Қырғыз. 6.Қарақалпақ.

      Бір ұлт, халықтың өзі бірнеше ру, тайпадан құралады немесе бірнеше ру, тайпа жиылып бір халықты құрайды деген мағынаны береді. «Қырық сан қырым» тіркесі қазақтың «Қырымның қырық батыры» эпостық батырлар жырын да еске түсіретіндей.

      АЛТЫ ТАСПА БҰЗАУ ТІС,

      БЫЛЖЫРАМАЙ АТТАН ТҮС

СКАЧАТЬ