Название: Қанатты сөз – қазына. 1-кітап
Автор: Кеңес Оразбекұлы
Издательство: Издательские решения
Жанр: Мифы. Легенды. Эпос
isbn: 9785449876317
isbn:
Бұл сөз тіркесінің мағынасы – сен де тыным таппай, тыншымай қойдың, уақыт та өтпейді деген ұғымды аңғартады.
АҚҚУМЕН ІСТЕС БОЛСАҢ, КӨҢІЛІҢ ПӘК БОЛАДЫ,
ҚАРШЫҒАМЕН ІСТЕС БОЛСАҢ, ТАМАҒЫҢ ТОҚ БОЛАДЫ,
ҚАРҒАМЕН ІСТЕС БОЛСАҢ, ШОҚЫҒАНЫҢ БОҚ БОЛАДЫ
Тапқырлығы, алғырлығы, әділдігімен ел құрметіне бөленген Мәтжанды ел 20 жасында-ақ болыс етіп сайлайды. Оншақты жылдан кейін өткен қайта сайлау кезінде бұл мансаптан өзі бас тартады. Үйезд бастығына «мені сайламаңдар» деп арыз береді. Мұны есіткен ағайындас байлар:
– Басқа қонған бақты тепкенің қалай? —дейді. Сонда Мәтжан тұрып:
– Мен болыс болсам, халқыма пайдам тие ме деуші едім, оным бекер екен. Анау патшаның, шен-шекпенді жандаралдың көңілін табуым керек. Олай етіп болыс болғанша, болмағанның өзі артық емес пе, —депті.
– Аққумен істес болсаң, көңілің пәк болады, қаршығамен істес болсаң, тамағың тоқ болады, қарғамен істес болсаң, шоқығаның боқ болады. Осыған көзім жетті, —деген екен.
Әңгіме қандай адаммен істес, әріптес болғаныңа байланысты. Адал, пейілі таза адаммен істес болсаң, көңіл-күйіңе кір түспейді, таза болады дегені. Атақ-дәрежелі, шенді-шекпенді кісімен істес болсаң, қарның тоқ болады, ал ұры-қары, қарау, ел-жұртты тонаумен айналысатындармен істес болсаң, ішіп-жегенің харам болады дегені.
АҚЫЛ ЖАСТАН, АСЫЛ ТАСТАН
Аға тәжірибелі, ол сабырлы, ол парасатты, бірақ қазақ тарихында інілердің суырылып ағалары алдында сөз бастағандары болған. Қазақ елін шауып кеткен Қоңтажыға мал-жанды даулап келген үлкендер (билер) сөзі әсер етпегенде, бала Қазыбек:
– Ел ебелек емес, ер кебенек емес, дат! – дейді. Сонда қалмақ ханы:
– Өй, өзің жөніңді айтшы, атың кім? – депті.
– Атым Қазыбек, әкем Келдібек, халқым қазақ, руым қаракесек, – депті.
– Дауысың қаз дауысындай қаңқылдап тұр екен, ал датыңды айтшы! – депті хан. Сонда Қазыбек:
– Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз, ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөзді асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм, тұзын ақтай білген елміз, асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз. Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды. Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз.
Сен қалмақ та, біз қазақ,
Қарпысқалы келгенбіз.
Сен темір де, біз көмір,
Еріткелі келгенбіз.
Екі еліктің лағын теліткелі келгенбіз.
Танымайтын жат елге,
Танысқалы келгенбіз.
СКАЧАТЬ