Название: Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұттың шым-шытырық хикаялары
Автор: Кеңес Оразбекұлы
Издательство: Издательские решения
Жанр: Книги для детей: прочее
isbn: 9785449882875
isbn:
Жарғақбас та өз басын мақтанышпен сипайды.
– Ендеше, бұл жорықты қай жерде, қалайша жүзеге асырамыз – жоспарын құрайық. – деді Қылкеңірдек.
– «Тентек шоқпар жинайды» деген, қару-жарағын да қамдайық.
– «Өткеннің орағын, кеткеннің кетпенін алу үшін де» күш керек. Күресіп, алысып жаттығайық.
– Онда «ұрыста тұрыс жоқ», ал кірістік…
Екеуі Жарғақбасты ортаға алып, жоспар жасауға кірісті. Ертеңіне үшеуі ағаш басына өрмелеп, бұтақ кесіп, сойыл-шоқпар жасауға отырды. Үй алдында алысып-жұлысып, күш сынасуды да ұмытпады.
***
Тескентау өткелі аузында біздің үш қарақшы шайла тігіп жатқанына біраз уақыт болды. Белдерінде – басы кішігірім қауындай жұмырлап жонылған ағаш шоқпар. Тескентаудың биігіне кезек-кезек шығып, жол қарайды.
Үшеуі күні бойы жол аңдып, қатты жалықты.
– Фу, ішіміз пысып кетті ғой! Кәне, бір ермек табайық, – деді Шибұт.
– Қандай ермек?
– Мәселен… – басын қасып тұрып сайда жайылып жүрген есектеріне көзі түседі. – Ау, анау есектерімізді жарыстырып ойнайық.
Қылкеңірдек мойнын созып жолға қарап:
– Ақыры бүгін аңдыған жемтік-саудагерлеріміздің келмейтін түрі бар. Онда сөйтсек-сөйтейік.
Үшеуі сайда жайылып жүрген есектерін жетектеп, қара жолдың үстіне әкеледі. Үш есекті қатарынан тұрғызып жолға қаратады да, қолдарындағы шыбықтарымен олардың бөкселерінен салып-салып қалады.
– Ы-һы! Ы-һы! Кәне шабыңдар!..
Бірақ есектерінің орындарынан қозғалатын түрі көрінбейді. Жондарына батқан шыбықты да елемей, есектік мінездеріне бағып, тұқырып бір орында тұрды да қойды.
– «Жүгі жеңіл есек жатаған келеді» дейді. Енді қайтеміз, ә?
– Бұларды қалай жарыстырамыз?
– Қандай амал бар?
— Е, тап-тым! – деді Қылкеңірдек. – Қожанасыр әпендінің есегін қалай жүргізгенін білесіңдер ме?
– Қалай?
– Алдына шөп байлап қойып жүргізеді ғой.
– Оп, бәрекелді! Біз де сөйтейік!
– Сенің де таппайтының жоқ! – деді Жарғақбас.
Үшеуі сайда өсіп тұрған қара талдың қураған ұзын бұталарын сындырып әкеліп, оларды есектерінің мойындарына байлады. Есек-терінің бастарынан асып тұрған бұтаның екінші басына дайындап қойған құрақ шөптің бір-бір шөмелесін байлап қояды. Сөйтіп, есек-терінің басын қоя беріп еді, есектері шөп жеймін деп бастарын созып дедектеп жүріп кетті. Үшеуі шайлаларының астында жатқан күйі қарқылдап күліп, есектерін қырдан асқанша көздерімен шығарып салды.
– Иә, олар қайда кетер дейсің, иелері біз емеспіз бе, қайтып келер.
– Дұрыс, «Ат айналып қазығын табар» деген, ерте ме, кеш пе қайтып оралар.
– Қайсысы озып бірінші келсе соның иесі жеңген СКАЧАТЬ