Название: Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұттың шым-шытырық хикаялары
Автор: Кеңес Оразбекұлы
Издательство: Издательские решения
Жанр: Книги для детей: прочее
isbn: 9785449882875
isbn:
Бұл кезде Шибұт та барлық жануарлардың үстіне мініп көріп, жалығып, енді басқа ойынға аңсары ауған. Ол да бір бүйірдегі есікті ашып, ішіне енгені сол, есінен тана жаздады. Көз алдындағы әлгі таңғажайып көрініске аузын ашып, қарап тұрғанда, «А-а-а!» деп, алдынан Жарғақбас безілдеп өте берді. Шибұт «О, тоба! Бұл неден қашып барады?!» деп, бір бүйіріне бұрылғанда, сонадайдан аузын керіскедей кере ашып, от-жалын атқан бір құбыжық өзіне төніп келеді екен. «Ой-ба-ай!» деп Шибұт та Жарғақбастың артынан қол-аяғын бауырына ала ілесе жөнеледі.
Бұл кезде Қылкеңірдек те жануарлардың бәрін көздеп атып тауысып, тағы не бар екен деп бөлме ішін аралап жүрген. Алдынан бір есікті көріп, тұтқасынан ашып кіре берді де, аңқиды да қалды. Алдындағы әлем-жәлем керемет көрініске есі ауа қарап тұрғаны сол еді, қалтарыстан «А-а-а!» деп ақыра қашқан Жарғақбас пен Шибұтты көреді. Қылкеңірдек: «О, жаратқан ием, бұлар неден қашып барады?!» деп, түкпірге көз салған. Аузын арандай ашқан, от-жалын атқан бір құбыжық «ал, жұтам!» дегендей төніп келеді екен. Қылкеңірдектің де құты қашып, «Сақта, құдай, а-а-а!» деп ақырып, серіктерінің артынан қояндай безе жөнелді.
Жер-дүние төңкерілгендей қатты дүрсіл мен айқай-шудан аттракцион иелері де шошып оянған. Олар вагон-арбаларынан дүрліге атып шығып, айқай-шу естілген ортадағы биік күмбез-шатырлы үйге қарай жүгірді. Күмбезді үйге кірген бойда қосқышты өшіріп, келесісін жағып қарап еді, үсті-бастары ұсқынсыз үш мишағар алды-артына қарамай: «А-а-а!» деп безілдеп шапқылап жүр екен. Олар үшеуін бас салып ұстап алды да, бақырған-шақырған күйінде жамбасқа алып, сыртқы есіктен далаға қаңбақтай лақтырып-лақтырып тастады да, есіктерін тарс жапты.
Үшеуі жатқан-жатқан жерлерінде естерін әрең жиып, «Жар бол, жасаған ием!» деп орындарынан тұрып, бір-бірін сүйемелдеп, келген жақтарына сүйретіліп кете барды.
Ай жарығындағы оқиға
Бір күні Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұт үшеуі түн жамылып тағы да жорыққа шықты. Ай жарығында жықпыл-жықпылдың арасымен келе жатты.
– Ай жарығындағы ұрлығымыз сәтті болсын деп тілейік, – деді Шибұт жол бастап келе жатып.
– «Мен ұрлыққа шыққанда ай жарық болды» депті ғой біреу, – деді Қылкеңірдек ренжіп. – Ал біз ұрлыққа жиналғанда, ай жарығы еш нәрсе емес, мына Жарекеңнің жарғақ басы айға шағылысып келе жатқанын қарашы!
– Басы жылтырағанын қайтейін, – деді Шибұт. – Аяқ астымыз түк көрінбейді. Мына алдымызда терең өзекше бар сияқты еді. Абайлаңдар, түсіп кетпейік. Әй, Жареке, басыңды еңкейтші!
– Неге еңкейтеді екем?
– Басыңның жарығымен жер бедерін қарап алайық. Шұңқырға құлап кетпейік деген сақтығымыз ғой.
– Әп, бәрекелді, осылай пайдаңды тигізсейші!
– Әне, айттым ғой өзекше бар деп. Жареке, сен осылай жарығыңды түсіріп тұр. Біз Қылекең екеуіміз арғы бетіне өтіп алайық. Ал, СКАЧАТЬ