Индуизм. Дарига Кокеева
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Индуизм - Дарига Кокеева страница 6

Название: Индуизм

Автор: Дарига Кокеева

Издательство: КазНУ

Жанр: Прочая образовательная литература

Серия:

isbn: 978-601-04-2518-7

isbn:

СКАЧАТЬ Индуизм ілімін жақтаушылар құдайлардың көптігін дұрыс деп қараса, енді бір зерттеушілер бір ғана діннің ішінде бірнеше ағымдардың бар болуы үлкен мәселе тудырары хақ деп атап көрсетеді. Индуизмді зерттеу, даралап сипаттау уақыт өткен сайын күрделене түсті. Индуизмнің түрлі бағыттары мен ағымдары бойынша зерттеушілер үнділерді әлеуметтік жағдайларына (касталық жіктелу) байланысты аталмыш дінге діни ұғымдар беруде.

      Үнді дініндегі діни-философиялық дәстүрлі мектептер мен ағымдар төменде көрсетілген 4 топқа бөліп қарастырлады:

      1) вишнуиттер немесе вайшнавтар;

      2) шиваиттер немесе шайвалар;

      3) шактистер;

      4) смартизм немесе брахманизм.

      Түсініксіз монистік ағым Брахманизмді дәріптейтін философиялық діни тұрғыда таза ақылға сүйенетін топтар. Бұл діннің негізгі объектісі Брахманды, яғни Абсолютті құрметтеу, оған махаббатпен берілу болып табылатындықтан үнді ғалымы Шрила Джива Госвами Абсолютті Ақиқатты ұғына алатын жан ғана толығымен Брахманың болмысын меңгереді. Себебі Ол құдіреті шексіз әрі барлық трансценттік қуаттың иесі деп толықтыра түседі [24, 103 б.].

      Отандық Д. Кішібеков, Ұ. Сыдықов сынды философ ғалымдар Брахман – бұл мәңгі өзгермейтін, жойылмайтын болмыс, ешқашан тумаған, өлмейтін құбылыс. Ол әрі мәнді, мәнсіз. Табиғи нәрседен аулақ десе [25,23 б.], Ж. Алтай, А. Қасабек, Қ. Мұхамбетәли сынды отандық ғалымдар Брахман әлемнің генетикалық, түпнегіздік бастамасы және олардың соңы. Ол екі түрлі болады. Бірі, қозғалмайды, нақты өмір сүреді. Бірақ жойылып кетуі мүмкін. Екіншісі жойылмайды, өлмейді. Бірақ қозғалыста болады деп саралай түседі [26, 6 б.].

      Брахманға табыну үнді дүниетанымындағы Үштікті анықтайды. Брахма Үштіктің басшысы ретінде танылады. Үнділер түсінігінде Брахмаға берілу, оған жалбарыну Вишну мен Шива арқылы жүзеге асырылады дейді. Жоғарыда көрсетілген дінифилософиялық дәстүрлі бағыттарға келесі тараушада кеңінен тоқталамыз.

      Веда ілімі бойынша индуизм үшін варншрам концепциясы бар. Бұл қоғам мына төрт арнаға немесе діни-әлеуметтік варнаға бөлінеді:

      – брахмандар (абыздар);

      – кшатрилар (әскери адамдар);

      – вайьшийлер (сауда-саттықпен айналысатын адамдар);

      – шудралар (қарапайым бұқара халық);

      Бұлардан басқа дербес топ – парийлер де кездеседі. Бұлар ешқандай топқа жатпайды, яғни аш-жалаңаш жүретіндер [27, 81 б.].

      Алғашқы үш топқа жататындар гуру-брахман ілімдеріндегі дәстүрлі іс-шараларға қатыса алады. Олар қоғамда ілім-білім іздеуге, отбасын құруға, билік басында отыруға және т.б. жасауға мүмкіндіктері бар.

      Кейін варнаға бөліну үнді қоғамында үлкен сипатқа ие касталық жүйеге алып келді. Гуру веда дәстүріне енген түрлі бағыттарға орай ХХ ғ. ІІ жартысына дейін индуизмге көңіл бөлу мүмкін емес деп санады. Ол бойынша үнділер тек өз әрекетіне сай ғана кастада өмірге келу керек деп СКАЧАТЬ