Название: Индуизм
Автор: Дарига Кокеева
Издательство: КазНУ
Жанр: Прочая образовательная литература
isbn: 978-601-04-2518-7
isbn:
«Ормандық, орман кітаптары» мағыналарына ие санскрит тіліндегі араньяк
сөзі зерттеушілердің пікірі бойынша мәтініндегі «махаврат» және «праваргья» сияқты әр түрлі қауіпті дәстүрлердің кездесетіндігінен алыс жерлерде үйретілген деп пікірлерін білдіреді.Кейбір дәстүрлердің шектеулі қолданысына байланысты Араньяктарда әр түрлі күрделі құрбандықтардың (яджна) дұрыс орындалуларына көбірек көңіл бөлінген. Сондықтан да Араньяк жазулары «құпия» болып есептеледі. Араньяктар, басқа ведалық мәтіндер сияқты ұстаздан шәкіртке парампара тізбегімен төмендегі қатарлар бойынша беріліп отырған:
• Тайттирия-араньяк;
• Шанкхаяна-араньяк;
• Брихад-араньяк;
• Кауштака-араньяк;
• Майтраяния араньяк;
• Катха-араньяк;
• Бридхат-араньяк;
• Талавакара-араньяк.
Индуизмді толықтай меңгеріп, оның жұмбақ сырларын ғылыми тұрғыда ашып көрсету үндітану аясындағы маңызды сала болып табылады. Сондықтан үнді дүниетанымына тән алғашқы діни дереккөздерді санскрит тілінен аудару еуропалықтардан бастау алатындығы анық. Батыс ғалымы Ч. Уилкинс «Бхагават-Гитаны», У. Джонс «Ману заңдары» мен «Гитоговинданы» индуизмге тән аппараттық категорияны сақтап, мейлінше аударған еді. ХVІІІ ғ. соңы мен ХІХ ғ бірінші жартысында үнді аңыздарына Шлегель, Г. Уилсон, Т. Кольбрук, Х. Лассен сынды ғалымдар индуизм зерттеу барысында оның негізгі тірегі болып табылатын қасиетті жазба деректеріне үлкен көңіл бөлген. ХІХ ғ. екінші жартысынан бастап санскриттің дамуы үлкен белең алып, көптеген санскрит тіліндегі діни мәтіндердің аударылуына үлес қосқан ғалымдардан Л. Барнеттің, М. Моньер-Вильямс, А. Барт, Э. Хопкинс, Р.Г. Бхандаркар Дойссен, Г. Якобтың еңбектерін бөле жара айта кеткен жөн.
Ал смрити (есте сақтау) туындысы біріншіден семантикалық жағынан, екіншіден хронологиялық жағынан ерекшеленеді. Смрити туындысының қалыптасу кезеңі төменгі кастаға жататындар мен әйел теңдігіне арналған екінші қасиетті жазбаның бірі Иса пайғамбарға дейін І мың жылдықтың ортасында классикалық санскрит тілінде жарық көрді. Смрити дхарма-сутраны қамтыды, кейін аңыздық кеңістік пен гнеосеологияны қамтитын этикалық жазбалар дхарма-шастр, сондай-ақ, ерте үнділік эпос – «Махабһарата (Кришна құдайына жалбарыну, оған берілу концепциясын қамтитын «Бхагават-Гитаның» негізгі бөлімі болып саналады)», «Рамаяна» және «Пуран» мәтіндері жазылды.
Брахман мәтіндеріндегі шығармалармен реттелген және жалғасып жатқан кальпасутра осылардың ішіндегі кең көлемдісі. Осының ішіндегі салтанатты жиындарда (шраута-сутр) қолданылады, екіншісі – үй шаруасындағы рәсімге байланысты қолданылады (грихья-сутр). Соңғысы, құқық естеліктері (дхармсутр немесе дхарм-шастр).
Смрити дәстүріне қатысты мәтіндер индуизм дамуындағы СКАЧАТЬ