Индуизм. Дарига Кокеева
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Индуизм - Дарига Кокеева страница 11

Название: Индуизм

Автор: Дарига Кокеева

Издательство: КазНУ

Жанр: Прочая образовательная литература

Серия:

isbn: 978-601-04-2518-7

isbn:

СКАЧАТЬ жөн көрдік.

      Миф – адам баласы үшін барлық уақытта да бейне бір өзгермейтін, тұрақты нәрсе. Мифте жалпы модельдер, сюжеттер, тіпті ұсақ детальдар кездеседі. Анықтап айтар болсақ, миф – ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан біздің ата-бабаларымыздың естелік мұраларының жиынтығы. Миф тіпті біздің түйсігіміздің құрылымына кіреді. Ол тіпті біздің қанымызда, генімізде таңбаланған болуы керек.

      Миф – біздің бес сезіміміздің арғы жағында жатқан ақиқаттарды суреттейтін өзінше бір ғажайып тіл. Ол түйсіктегі бейнелер мен саналы ой тілінің аралығында жатқан кеңістікті толықтырады.

      Миф – біздің өмірімізге белгілі бір мән-мағына беретін сенім-нанымдар жиынтығы. Миф адамдар мен қоғамның өздерінің айналасына жақсы түрде үйренісіп кетуге жағдай жасайды [42, 15 б.]. Дж.Ф. Бирлайнның жоғарыда келтірілген анықтамасы отандық ғалым С. Қондыбайдың берген тұжырымдамасымен келісетіндігін аңғаруға болады.

      Енді, біз Үнді мифологиясы жайында не білеміз? Қызық та күрделі Үнді мифологиясында кездесетін аңыз-әңгімелерге толы оқиғалар ұшы-қиыры жоқ шексіз бір жіп я болмаса арқан іспетті. Себебі, сонау кезден құдайлардың арқауы болып танылып келген «Үштік» (Тримурти), одан қалса осыларға арқа сүйеген Веда іліміндегі 33 құдайдың бір-бірімен ұштасуы, бір-бірінің орнын толықтыруы, олардың әрқайсысының қызметтері мен күлкілі де қорқынышты, яки, тартымды бейнелері кез келген оқырманды олар туралы берілген деректерге үңілтпей қоймайтыны сөзсіз.

      Веда пантеоны әртүрлі деректермен толықтырылды. Құдайлардың көбісі сан түрлі тайпалардың басшысы ретінде танылды. Барлық құдайлар натур мифологиялық сипатқа ие. Ертедегі үнді тұрғывдарыньщ түсінігі бойынша әлем үш саладан тұрған. Жер, ауа, аспан. Сондықтан «Трилока» деген атаумен жеткен. Үнді дүниетанымындағы құдайлар осы аталмыш локаға байланысты үшке бөлініп әлемді басқарған деседі. Аспан құдайлары – Митра, Варуна, Адитья, Сурья, Савитр, Пушан, Вишну, Ушас, Ашвина; ауа, яғни аспан мен жер арасын басқарушылар қатарына – Индра, Маруты, Рудра, Ваю-Вата, Парджанья, жер – Агни, Сома, Брихаспати [11, 178 б.].

      Миф адамзаттың рухани мәдениетінің алғашқы сатысы болғандықтан үнді мифологиясын терең меңгеру үнді психологиясындағы, әдет-ғұрпындағы, тарихындағы бүгінгі күнге дейін түсініксіз тұстарын толығымен болмаса да барынша жаңаша қарау керектігін қажет етеді.

      Веда ілімінде, қасиетті Үнді жазбаларында басқа құдайларға қарағанда Үштіктің алатын орны ерекше, яғни басым десек те жаңылмаймыз. Индуизм полиморфизмі көптүрлі объектерді құрметтеуден тұрады. Құдайға жалбарыну «Тримурти» концепциясымен байланысты. Гита мәтіндерінде Жоғарғы құдай туралы ұғым ерекше орынға ие. Гита упанишадтағы тұлғасыз Абсолютті Жоғарғы құдаймен теңестіреді. Сондықтан Абсолютті Брахманның мифологиялық кейпі Құдай болып та, Абсолютті тұлға болып та көрініс табады [43, 262 б.]. Құдайлар пантеонының бастысы ретінде таныталатын «Үштік» – Абсолют Брахман деп танылады. Олардың бірі Брахма – әлемді жаратушы, СКАЧАТЬ