Название: Темірбеков Садуахас. Өнегелі өмір. Ш. 35
Автор: Коллектив авторов
Издательство: КазНУ
Жанр: Зарубежная образовательная литература
isbn: 978-601-04-0541-7
isbn:
Мәдени дамудың динамикасын ғылыми тұрғыда терең игерген маман ретінде 1967 жылы Кеңес Одағы аумағында Мәскеу, Ленинград, Киев, Беларусия мәдениет институттарынан кейінгі Қазақстанда,Шымкент қаласында ашылған мәдениет институтына Садуахас Темірбеков небәрі 35 жасында ректор болып тағайындалып, осы лауазымда он бір жыл бойы жоғарғы деңгейде қызмет етті.
Садуахас Темірбеков бұл институтты республика көлеміндегі ең іргелі оқу орындарының қатарына қосуға қыруар еңбек сіңіріп, тер төкті. Аталмыш институт ашылған кезінен бастап республикадағы мәдени-ағарту мекемелеріне жоғары білікті мамандар даярлайтын Қазақстандағы бірден-бір оқу орны болды. Институтқа 1975 жылы ғұлама, ойшыл әл-Фарабидің есімі берілді.
Сәкең басқарған он бір жыл ішінде ауқымды жұмыстар атқарылды; институттың материалдық базасы құрастырылып, профессорлық-педагогикалық ұжымы жинақтала бастады. Алғашқы жылы мұндағы 225 студентке 30 педагог дәріс жүргізген болатын, олардың ішінде ғылыми дәрежесі барлары үшеу ғана еді. Ректор институттың білікті профессорлық-педагогикалық құрамын жасақтау үшін Мәскеу, Санкт-Петербург (сол кездегі Ленинград) мәдениет институттары, Алматыдағы Құрманғазы атындағы консерваториямен тығыз байланыс жасап, тәжірибелі, білікті мамандар шақырды. Осының бәрі Сәкеңнің жас талантты жандар бойындағы қабілетті жазбай танып, оларды жоғары бағалап, жағдайларын жасап, өз ұжымына тарта білген тез тіл тапқыштық, аса жоғары ұйымдастырушылық қабілеті және екінің бірінің бойында кездесе бермейтін зор адамгершілік қасиетінің арқасында іске асырды. Осылайша институт студенттеріне сапалы білім беру әлеуетін барынша нығайтты. Ол кездері саз аспаптарын табу қиын болғандықтан Мәскеу, Киев, Минск, Новосибирск, Таллин сияқты қалаларға СКАЧАТЬ