Шәлекенов Уахит. Өнегелі өмір. Ш. 33. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Шәлекенов Уахит. Өнегелі өмір. Ш. 33 - Коллектив авторов страница 9

СКАЧАТЬ жас түлектер жұмысқа алынды, олардың қатарында Н.О. Алдабергенов, М. Елеуов, Ә.Т. Төлеубаев, Г.Ф. Григорьев және т.б. болды. Осы үрдіс кафедрада күні бүгінге дейін жалғасын тауып келеді. Қазіргі күнде археология, этнология және музеология кафедрасындағы оқытушы-профессорлардың көбісі осы кафедраны бітірген талантты түлектер.

      1974 жылға дейін тарих факультетінің 1-курс студенттері оқу жылының соңында өтетін археологиялық-этнографиялық практиканы әр жерде өткізіп келді. Өйткені университеттің археологиялық базасы болған жоқ. Профессор Уахит Хамзаұлы Шәлекенов осы мәселені тыңғылықты шешуге белсене кірісті. Университет ректоры академик Ө.А. Жолдасбековпен, факультет деканы, профессор Д.И. Дулатовамен кеңесе отырып, 1974 жылы көктемде археолог Н.О. Алдабергеновпен бірге Шу өңіріндегі бірқатар ортағасырлық қалаларды аралап, археологиялық база болуға ыңғайлы ескерткіш іздеп қайтты.

      Өзінің ұстазы академик Ә.Х. Марғұланның кеңесі бойынша Жамбыл облысы Шу ауданы Калинин колхозының жерінде орналасқан ортағасырлық Ақтөбе қаласы университет студенттері практикадан өтетін археологиялық база болып алынды. Профессор Уахит Хамзаұлы сол жерде археологиялық база жасауға аса ыждағаттылықпен кірісті. Ректор, академик Ө.А. Жолдасбековтың көмегімен 80-жылдардың басында ортағасырлық Ақтөбе қаласында студенттер мен оқытушыларға арналған жатақхана салынып, университеттің археологиялық базасы іске қосылды. Бұл КСРО көлеміндегі Жоғары оқу орындарында ашылған екі археологиялық базаның бірі болды. Оның бірі-Мәскеу мемлекеттік университетінің базасы еді. Тарих факультетінің базасын салуда профессор Уахит Хамзаұлы Шәлекенов қыруар күш жұмсап, іскерлік танытты.

      1974-2013 жылдар аралығында ортағасырлық Ақтөбе қаласындағы археологиялық базада бірнеше мың болашақ тарихшы, археолог мен этнолог университет қабырғасында алған білімін тәжірибемен ұштастырып, жақсы маман болып шықты, олардың қатарында қазіргі таңда елімізге, шетелге белгілі ғалымдар да бар.

      Профессор Уахит Хамзаұлы Шәлекенов тарих факультетінің деканы болған жылдарда (1974-1985) оқу-тәрбие жұмысына ерекше көңіл бөліп, оның сапасын көтерудің жолын қарастырды, оған жаңа серпін әкелді. 1981 жылы факультет ҚазМУ қалашығына көшіп келген кезде, барлық кафедраларда оқу кабинеттерін ашып, оларды қажетті оқу-әдістемелік құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті. Декан Уахит Хамзаұлының ұсынысы бойынша тарих факультетінің, археология (1983) және этнография (1984) музейлері ашылып, оларға археологиялық, этнографиялық практика, экспедициялардың зерттеулері кезінде жиналған заттар қойылды.

      Профессор Уахит Хамзаұлы Шәлекенов кафедрада, факультетте ғылымды дамытуға, жас мамандардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге ерекше көңіл бөліп, оларға көмек көрсетіп отырды. Ол басқарған университеттің археологиялық экспедициясы (УАЭ) 1974 жылдан бастап осы күнге дейін ортағасырлық Ақтөбе қаласында ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізіп келеді. Осы уақыт аралығында жүргізілген археологиялық СКАЧАТЬ