Название: Ғаббас Жұматов: Өнегелі өмір. 27-шығ
Автор: Коллектив авторов
Издательство: КазНУ
Жанр: Зарубежная образовательная литература
isbn: 978-601-04-0165-5
isbn:
Алайда бұл жеңіс оған оңай жолмен келмеді. Өйткені қазақ диалектологиясының мәселелерін зерттеу ісі кешірек қолға алынды. 1930 жылдан кейін тіл білімінің осы жаңа саласын зерттеу жұмысы жүргізіле бастады. Соған қарамастан ол өндірте еңбек етті. Кең байтақ еліміздің шығысы мен батысын, солтүстігі мен оңтүстігін ерінбей шарлап, көл-көсір материал жинады. Бұл ісін ол қиын-қыстау Отан соғысы кезінде де, одан кейінгі кезеңдерде де тоқтатқан жоқ. Оның Ұлытау, Жезқазған, Алматы, Талдықорған, Қызылорда және басқа өңірлерден тірнектеп жинаған диалектологиялық материалдары Ұлттық ғылым академиясы Тіл білімі институтының картотекалық қорында күні бүгінге дейін сақтаулы.
Осындай тынымсыз еңбектің арқасында 60-қа тарта ғылыми дүниелерін жазды. Соншама мол жұмыстың басым бөлігі қазақ диалектологиясының саналуан мәселелерін қамтыды. Атап айтсақ, диалектологиялық сөздік жасау, қазақ тілі говорларының жіктелуі, ауыспалы говор, диалектология саласындағы тарихи-салыстырмалы ізденістері және басқалары. Әсіресе, ғалымның қазақ тілі грамматикасының лексика саласы бойынша жарық көрген «Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері» (Ғ. Мұсабаевпен бірге жазған, Алматы, 1951) атты еңбектері ғылымға қосқан сүбелі үлесі. Көрнекті ғалым туралы А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор Оқас Нақысбеков өзінің ой-пікірін: «Жергілікті тіл ерекшеліктерімен бірге қазақ тіліндегі кәсіби сөздер мәселесі де оның назарынан тыс қалып көрген жоқ. Осы сала бойынша алғаш рет мақала жазған да – Жұмат Досқараев. «Қазақ тілінің тарихы мен диалектологиясының мәселелері» атты 1-жинақта жарық көрген оның «Арал, Каспий балықшыларының тіліндегі профессионалдық лексиканың материалдары» атты 80 беттік көлемді еңбегі – кәсіби сөзге қатысты түрлі құрал-жабдықтардың аттары суретпен берілген, өте бір терең жазылған күрделі дүние. Мұнда берілген материалдар сол өңірді мекендеген халықтың өмірімен тығыз байланыста жазылып, бай материалдарға негізделген. Мақала авторы осы экспедиция кезінде суға кетіп қала жаздап, аман қалғаны, көп қиындықтарды басынан өткізгені әлі есімде» деп жазады өзінің «Қазақ диалектология ғылымының негізін қалаушылардың бірі» деген мақаласында.
Айтулы ғалымның қазақ тіліндегі СКАЧАТЬ