ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті дамуының алғашқы кезеңі. Электронды оқу құралы. Ө. Әбдиманұлы
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті дамуының алғашқы кезеңі. Электронды оқу құралы - Ө. Әбдиманұлы страница 5

СКАЧАТЬ Өлеңдері, поэмалары, романы, әңгімелері, аудармалары, мақалалары, қара сөздері – Шәкәрім қалдырған өлмес туындылар.

      Ш. Құдайбердиев 1858 жылы 11 шілдеде Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келген. Ол – Абайдың немере інісі.

      Ақын 1931 жылы қазан айында дүниеден өтті.

      Шәкәрім өзінің жарты ғасырдан астам шығармашылық жолында мол әдеби мұра қалдырды. Ақын шығармаларының басым көпшілігі қазан төңкерісіне дейін жазылып, біразы баспада жарияланып, кезінде өз бағасын алған.

      Ақын лирикасы. Шәкәрім – ең алдымен ойшыл ақын. Азаматтық поэзияға тән биік асқақтық, өмір құбылысына терең үңілген таным–толғам Шәкәрім өлеңдерінің басты идеялық тұғырына айналды. Ақынның шынайы азаматтық болмысын, ақындық сенім көзін айқындайтын басты тақырыптар – қоршаған орта, табиғат әлемі, тартысты қоғам, қоғамдағы адам, оның болмысындағы қадір-қасиет, адамгершілік қағидалары және мінез-құлық, тәрбие негізі. Сондықтан да, жалпы адамзатқа тән асыл қасиеттер адалдық пен әділдік, білімділік пен еңбекқорлық, парасаттылық пен зиялылық мәселелерін жырлауға келгенде Шәкәрімге келер ақын жоқ. Шәкәрім Абайдағы өнер-ғылымға үндеудің арнасын ұлтының бостандығы жолындағы күреске бұруға ұмтылып, шығармасының негізгі өзегіне айналдырады. Шәкәрім ұстанған сыншылдықтың басты міндеті – өмір шындығын нақты көрсете отырып, өмір құбылыстарын шынайы бейнелеу арқылы оқырман ойын ояту. Шәкәрімнің лирикасы сыршыл сезімге толы. Өлеңдерінің көркемдік бояуы қанық, нәзіктікке бай болып келеді. Абай өлеңінен табылатын суреткерлікке тән белгілер Шәкірімнің лирикасынан да бой көрсетіп отырады.

      Ақынның поэмалары. Шәкәрімнің төл-туындысы ретінде саналатын үш поэмасы бар. Олар «Қалқаман – Мамыр», «Еңлік – Кебек», «Нартайлақ пен Айсұлу».

      «Қалақаман – Мамыр» – Шәкәрімнің іргелі шығармаларының бірі. Екі ғашықтың махаббат трагедиясын арқау еткен бұл поэма Қалқаман мен Мамыр арасындағы ғашықтық сырын шертеді. Поэмада екі ғашықтың махаббаты романтикалық сарында бейнеленген. Ақын сюжеттік желіге тарихи оқиғаларды негіз ете отырып, қазақтың бұрынғы тұрмысын, әдет-ғұрпын кеңінен көрсететін махаббат драмасына құрылған дастан жазып шыққан.

      Ал «Еңлік – Кебек» поэмасын автор ел ішінде аңызға айналған, болған оқиғаның ізімен жаза отырып, екі жастың махаббат тргедиясының жеке адамның қасіреті ретінде бағаламай, сол тұстағы қазақ қоғамының қасаң қағидаларын ескілікті сананың қасіреті ретінде бейнелеуге ұмтылады.

      «Еңлік – Кебек » поэмасы өткен тарихи оқиғаға өзіндік көзқарасымен, кейіпкерлерін жаңаша сомдауымен, көркем тілмен қазақ поэзиясын жаңа биіктерге көтеруімен ерекшеленеді.

      Прозалық шығармалары. Ш. Құдайбердиев өлең өлкесінде ғана еңбек етіп қоймай, қазақ прозасына да едәуір үлес қосты. Олар, мыналар: «Түрік,қазақ, қырғыз һәм хандар шежіресі», «Мұсылмандық шарты», «Трактаты», «Бәйшешек бақшасы» атты әңгімелер топтамасы, «Мәнді сөздер» атты офоризмдері, «Шын бақтың айнасы», «Мен жетпіс екі жасқа келгенше» толғамдары және «Әділ мен Мария» романдары.

      Шәкәрім әңгімелері шығыстық мазмұнда, халық ауыз әдебиетінің үлгісімен жазылған ғибраттық-дидактикалық сарындағы дүниелер. Автордың қай әңгімесін алсақ та, байқалатын СКАЧАТЬ