ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті дамуының алғашқы кезеңі. Электронды оқу құралы. Ө. Әбдиманұлы
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті дамуының алғашқы кезеңі. Электронды оқу құралы - Ө. Әбдиманұлы страница 6

СКАЧАТЬ лирикасындағы Абай дәстүрі.

      3. "Мәнді сөздер" жинағындағы әңгімелердің тәрбиелік сипаты.

      4. Ш. Құдайбердиевтің «Еңлік – Кебек» дастанының идеялық-көркемдік ерекшеліктері.

      5. Ш. Құдайбердиевтің қазақ руханиятындағы орны.

      СӨЖ тақырыптары:

      1. Шәкәрім шығармашылығының басты тақырыптары.

      2. Ақын өлеңдеріндегі идеялық-көркемдік ізденістер.

      3. Ақын аудармасындағы көркемдік дәстүр.

      4. «Әділ мен Мария» – қазақ әдебиетінің табысы.

      5. Шәкәрім қарасөздерінің табиғаты.

      Реферат тақырыптары:

      1. Абай және Шәкәрім шығармашылық қарым-қатынас туралы.

      2. Шәкәрім поэзиясындағы ой тереңдігі.

      3. Шәкәрімнің заман шындығын ашудағы ізденістері.

      4. Ақын поэзиясының өзіндік ерекшелігі.

      5. Шәкәрім шығармаларының зерттелуі.

      МҰХАМЕДЖАН СЕРАЛИН

(1872-1929)

      Шығармашылық өмір жолы. Қостанай облысында туып өскен. Мұхамеджан Сералин – ХХ ғасыр басындағы қазақ халқының үлкен қоғам қайраткері, белгілі санаткері, көрнекті ақыны, танымал көсемсөзшісі. Қазақша-орысша білімді болған. Оның (“Топ жарған” (1900), “Гүлкәшима” (1903)) поэмалары қазақ жазба әдебиетіне елеулі үлес болып қосылды. М.Сералин өлеңдері қазақ өмірінің, әлеуметтік тұрмысының шындығын танытады (“Бай, патша һәм кедей”, “Бай, қасқыр, аңшы” т.б.).

      “Топ жарған” поэмасында Кенесары бастаған ұлт-азаттық көтерілістің нақты шындығы көрініс табады. Поэманың басты кейіпкері Адай жігітінің бостандықты көксеген ой-арманы Кенесары көтерілісімен желілес беріледі. Поэмада Кенесары-Наурызбай көтерілісін қалың бұқараның жақтауы жеке кейіпкерлер сөздері арқылы беріліп, шындықты ашудың жақсы тәсілі қолданыс тапқан. “Топ жарған” поэмасында Кенесары көтерілісінің қазақ бұқарасының мүддесін қорғаған көтеріліс екендігі қилы тағдырлар тоғысы арқылы көрініс табады. Адай жігіті бейнесі – көтерілісті жүрек қалауымен жақтаған ерлер бейнесінің жиынтық образы.

      Поэманың композициялық құрылымының ерекшелігі – ақынның орыс классикасынан үйренуінің дәлелі. “Топ жар-ған” поэмасында тіл сонылығы бар. Тарихи шындықты, нақты өмірді тың теңеу, көркем суреттеулермен бере білген ақын поэмасының тарихи мәні өте зор.

      М.Сералинні “Гүлкәшима” атты шығармасы (1903) – қазақ өмірінен алынып жазылған лирикалық поэма. Поэманың негізгі идеясы бас бостандығын аңсаған жастар мен әйел теңсіздігін жырлау болып табылады. “Гүлкәшима” поэмасы – махабатты жырлауда жазба кәсіптік әдебиет деңгейінде жазылған, өмір шындығын нақты көрсететін шынайы көркем туынды. Поэмада жекеленген бөлімдердің жүйелігі мен тұтастық желісі бар.

      Ақын ескілікті әдет-ғұрыптарға және қазақ қоғамының кертартпа күйіне бас кейіпкердің (Баймағамбет) өлімі арқылы наразылық СКАЧАТЬ